ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Сейткәрім қажы» мешітінде Хәкім Абай атамыздың 175 жылдығы аясында «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты танымдық-рухани шара ұйымдастырылды.
Рухани танымдық шара барысында Шымкент орталық мешіттің найб имамы Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, бұл шара барлық аудан деңгейінде өткізуді және Хәкім Абай мұраларын әр имам күнделікті уағыз-насихат жүргізу барысында кеңінен қолдауды, насихаттауды айрықша атап өтті.
Рухани шара барысында белгілі дінтанушы, «Сейіткәрім қажы» мешітінің имамы Бақтияр Байтелиев Абай атамыздың мұраларын асыл дінімізбен сабақтастырып, әсерлі баяндама оқыды. Осыдан кейін, дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, қала имам кеңесшісі Бекайдар Әміре, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешітің бас имамы Берік Қалдаровтар өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында қала бас имамы атынан барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38