Бүгін, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы, Ақжар елді мекені «Мейірман» мешітінің ауласына ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен құдық қазып, пайдалануға берілді.
ҚМДБ-ның қолға алған тың жобалары ретіндн әрі айтулы шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сөз алып, алдымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, жергілікті ауыл тұрғындарын құттықтады.
Айтулы шараға Әл-Фараби аудан бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, қала имам кеңесшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Сержан Мақсұтов, Ақжар елді мекені «Мейірман» мешітінің имамы Дәурен қажы Тасқараев және ауыл ақсақалдары т.б қатысты.
Құдық құрылысын Бақтияр Нұржан есімді жеке кәсіпкер өз тобымен қазып, жүргізді. Құдық жұмыстарына 1,4 миллион теңгеге жұмсалды. Құдықтың тереңдігі 80 метр. Таза мөлдір су. Ішугеде және бақша өнімдерін суғаруғада болады. Айта кету керек, құдық қазу жұмысына демеушлік жасаған Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданына қарасты мешіт имамдарына Алла разы болсын.
Жалпы, құдық қазуды осы жерден таңдау себебіміз, мешіттің жері өте кең, яғни 2 гектарға жуық жер аумағы бар. Осы күнге дейін су өте тапшы болатын. Жуырда ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орайластырып 300 түп жеміс ағаштары отырғызылды. Енді, міне судан тапшылық көрмейтін болады. Су мешітке де мешіт аумағында тұратын ауыл тұрғындарының қажетіне жарайтын болады.
Мерейтойлық шараға жиналған жамағат, ауыл ақсақалдары осы игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығына дұғай сәлем айтып, ризалықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38