Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Имам Матуридидің өмірі мен шығармшалығына орай «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі»  атты аймақтық семинары ұйымдастырылды.

           Аймақтық семинарға арнайы ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигит Қойшиев,  Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлы, «Діни мәселелерді зертеу» орталығының дінтанушы-теолог мамандары мен  жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері қатысты.

         Семинар модераторы ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды.

         Елордадан арнайы келген ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигит Қойшиевтың, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Мұқанғалиұлының және Діни оңалту бөлімінің маманы Нұрбек Рахманқұлы тәжірибесімен бөлісіп, арнайы дәріс оқыды.

         Сондай-ақ, басқосу аясында псевдосалафиттік және  псевдоханафиттік бағыттағы жат ағымдардың қоғамға қауіпі, деструктивті діни ағым өкілдерімен жеке және жалпы кездесу өткізу, уағыз айту әдістемесі сынды өзекті тақырыптар талқыланды.

         Жалпы, басқосу аясында дін мамандары мол тәжірибе жинап, өзекті қажетті сұрақтарына жауап алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38