Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Шымкент қаласы орталық мешіті жанынан ашылған Діни  сауат ашу курсында қыз балаларға арналған Құран жаттау курсы ашылғаны белгілі. Осы курста бүгінде 6 жас пен 55  жас аралығындағы шəкірттер ілім алуда. Бүгінде шəкірттер Қасиетті құранның 30,29,28, 27,жəне 26 параларын жаттады. Құран жаттау курсына  Құранды мүдірмей оқып, Тəжуид қағидаларын жақсы меңгерген шəкірттер ғана қабылдана алады. Шəкірттер арасында алдыңғы қатарда келе жатқан  Толкунбекова Қарақат. Мешітке тоғыз жасынан бастап жазылып соңғы бір жылда Құран жаттау курсына өтті. Бүгінде Қарақат Құранның соңғы 4 парасын жаттап бітірді. 2017 жылы Орталық мешітте өткен Облыстық қыздар арасындағы Құран жарысына қатысып бірінші орынды иеленген Қарақатты анасы Бигалиева Нұрсулу  апай  өзі мешітке алып келіп қызының сабағын қадағалап келеді. Алтыншы сынып оқыйтын Қарақаттың мектеп үлгеріміде өте жақсы. Анасы Нұрсулу апайда Құран жаттау курсына қатысып Құранның 30-шы парасын жаттап бітірді. Қарақаттың мешіттегі тəртібіне өте жақсы деп баға берген Орталық мешіт ұстазы Əбиева Еңілік осындай зерек шəкірттерге      Орталық мешіт  тарапынан барлық жағдайдың қарасытрылғанын айта кетіп  Құран жаттауға ниетті  шəкірттерді Орталық мешітке Құран жаттауға шақырады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігнінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38