Қаратау ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен ҚР Президентінің жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы №80 орта пектебінде жиын өткізілді. Жиынға арнайы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Қаратау ауданы «Байғұт баба» мешітінің бас имамы, жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі Желеуов Дастан шақырылды. Қазақстандық әрбір азаматтың  туған жеріне тағзым етуге деген құлшынысын, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға ұмтылысын қолдауды өзекті мақсаттардың бірі деп санайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп М.Əуезов айтқандай, бүгінгі ұрпақ кешегі тарихын, тілін, дінін білмесе, елдігімізге сын болары анық. Қоғамдық практика аса зәру болып отырған діни қатынастарды, діни тәрбиені зайырлы қоғам құндылықтарына сәйкес реттеу, ұйымдастыру мәселелері бойынша ұтымды ұсыныстар жасалған. Бұл ұсыныстарды бүгінгі іс-тәжірибеге сыналап енгізудің Қазақстан қоғамы, оның болашағы жастарымыз үшін маңызы зор екендігі күмән туғызбайды.  ҚР Президентінің жолдауы жан-жақты айтылып халыққа насихатталды.

«Байғұт баба» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38