Аса қамқор ерекше Алланың атымен бастаймын.

Барша мақтау мадақтау бүкіл әлемдердін Раббысы Аллаға тән

    Адамзаттын асыл тәжі Пайғамбар  Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).Күнделікті тәулік бойғы жүріс-тұрыстарының өзін алсаңыз,кіршіксіз көркем –мінезділікті шексіз даналықты сезесіз.

  Алла тағала қасиетті Құран кәрімде:

وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا ۖ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَىٰ وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ مَن كَانَ مُخْتَالًا فَخُورًا

«Аллаға құлшылық етіңдер оған ешқандайда ортақ қоспаңдар ата-аналарың мен жақындарына,жетімдер мен міскіндерге,туысқан көршілерге туыс емес көршілерге,жан ашыр достарыңа,жолаушыға және өздеріне бағынышты құлдар (қызметкерлер) мен күндеріңе жақсылық жасандар»! делінген

   Ал енді Алла елшісі Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисінде:

من كان يؤمن بالله واليوم الآخر فليكرم ضيفه

«Кімде кім Аллаға,ақырет күніне иман келтірген болса қонағын құрметтесін»! деп қонақ күтудін өте жауапты әрі берекелі екендігін аңғарамыз.

Тарихта Ибраһим  әлейһис сәләмның жалғыз өзін тамақтанбағанын білеміз, ол кісінің үйі төрт тарапында төрт есігі әр уақыт ашық болатын.Танымайтын жолаушыларды қонақ етіп,асын беріп олардын дұғасын алатын.

    Себебі тарихта мынандай деректер келеді бес мың жыл бұрын Бабыл (Вавилон) империясын құлауына ең үлкен себебіде қонақ күтуде жайсыз болатың.

اطلبوا الخير عند حسان الوجوه

Игілікті ,түсі игіліктерден іздендер!

Мақал:  «Түсі игіден түңілме» деген.

 Қазақта қонақ күтуді өте жоғары бағалаған жәнеде қонақ күтуде мына топтарға бөлген

1.Арнайы қонақ

2.Құдайы қонақ

3.Қыдырма қонақ

4.Қылқыма қонақ

деп төртке бөлген

Қалшабеков ЕрболҚМДБ, Шымкент қаласы “Байғұт баба”  мешітінің наиб имамы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38