ҚМДБ-ның наиб мүфтиі және Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректоры бастаған делегация Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қыз қарилар дайындау орталығында кездесу өткізді.

Орталық басшысы әрі құрылтайшысы Қалиолла Маджанов оқу орталығының оқу базасымен толық таныстырды.

Айта кету керек, кездесуге ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсесінің басшысы, наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректор, профессор,  доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид  Мухаммад ал-Жинди, , Нұр-Мүбәрак универсиетінің проректоры исламтанушы, PhD  докторы Қайрат Құрманбаев, оқу орынның аппарат жетекшісі Рахымжан Әкімбеков, Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтар т.б. қатысты.

Кездесу аясында наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев қасиетті Құран Кәрімді толық жаттау және қыз-баланың тәрбиесі туралы дәріс оқыды. Ал мәртебелі қонақ доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид  Мухаммад ал-Жинди қари қыздарымызға өзінің ақ батасын берді.

Мәртебелі қонақтар оқу орталының жұмыстарына дән риза болып, алдағы уақыттарда тығыс байланыс орнатып, жұмыс жасау туралы уағдаласты.

Жалпы, ғимарат 120 шәкіртке арналған. 5 сынып бөлмесі, 150 адамға арналған конференция залы,  намазхана,  4 кісіге арналған хатақхана бөлмесі,  150 кісіге арналған асхана, комютер сыныбы,  тігін шеберхана бөлемесі, спорт залы, кір жуатын арнайы бөлме орналасқан.

Оқуға  емтихан арқылы қабылданады және  9-шы сынып бітірген болу қажет. 4 жыл оқиды. Толық бітірген шәкірттерге сертификат беріледі.

Бүгінгі таңда, 5 ұстаз, 2 тәрбиелеуші-аспаз, жалпы 20 қызметкер қызмет жасайды.  Шәкірттерге Құран Кәрім жаттаудан бөлек,  ақида (сенім), ахлақ (әдептілік), саяр (Ислам тарихы),  фиқһ (шариғат үкімдері) дәрістер беріледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38