*Өмірге үміт сыйла!*


Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар!
Баршамызға белгілі, қазіргі таңда коронавирус індетін жұқтырушылар саны күрт өсіп, шарықтау шегіне жетіп отыр. Мыңдаған отандастарымыз қорқынышты індетпен арпалысып, өмір мен өлім арасында жатыр.
Бүкіл әлем бойынша күн сайын COVID-19 індетімен емханаға келіп түсіп жатқан науқастардың санында шек жоқ.
Қатігез індет сәбиді де, жасты да, кәріні де аяп жатқан жоқ.
Елестетіп көріңізші…Дәл қазір Алланың бір пендесі, тынысы тарылып, қиналып кеудесін керіп дем алуын Алладан тілеп, жалбарынуда….
*Сіз оған көмектесе аласыз!*
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты «Зекет» қайырымдылық қоры хабарлайды!
Адам өкпесін жасанды жолмен демалдыру аппараттарын сатып алып, сіздің көмегіңіз арқылы бір адамның өмірін сақтап, өмірге деген құлшынысын арттырып, үміт сыйлай аласыз.
Осындай қиын кезеңде Еліміз, халқымыз үшін науқастанып жатқан жандардың өмірін сақтап қалу үшін көмек қолын созып сауапты іске ат салысуға шақырамыз!

Подари надежду на жизнь!

Уважаемые сограждане! Все мы знаем, что уровень заражения коронавирусом на своем пике. Тысячи казахстанцев находятся на грани жизни и смерти, оставшись один на один в борьбе с этой страшной болезнью. Больничные койки заполнены, каждый день COVID-19 уносит все новые и новые жизни. В тяжелом положении находятся и пожилые и молодежь. Педставьте… Прямо сейчас кто-то задыхается и молит Аллаха о глотке воздуха. И вы можете ему помочь! Фонд «Закят» при Духовном управлении мусульман Казахстана объявляет сбор средств на покупку аппаратов искусственной вентиляции легких. Любое ваше пожертвование, даже мелочь, может стать для кого-то глотком воздуха, спасти чью-то жизнь. Мы призываем всех сограждан сплотиться и поддержать друг друга в такой тяжелый для всей страны момент! Не проходите мимо! Станьте спасителем и подарите людям надежду на жизнь!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38