24.02.2021 жылы сағат 10:00 ҚМДБ ның Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай, Еңбекші ауданының орталық мешіті «әл-Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен «Ақида және Фикһ  мәселелері» бойынша көшпелі діни оқу семинары өтті. Діни ағарту семинарына Еңбекші аудандық орталық «әл-Біләл» мешітінің бас имамы мен ауданға қарасты мешіттердің имамдары қатысты. Алғашқы семинарды «Амали Солих» мешітінің бас имамы Шотабеков Берік «Ақида іліміне кіріспе» атты тақырыпта өткізді. Семинардың мақсаты аудан имамдарының біліктілігін көтеру мақсатында жүргізіліп, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, бірқатар өзекті мәселелер талқыға түсті. Осы діни оқу семинары Еңбекші ауданына қарасты мешіттерде жыл соңына дейін ай сайын өткізілетін болады.

Еңбекші аудандық «әл-Біләл» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38