ҚМДБ-ның «30 игі шара» жобасы аясында Шымкент орталық мешітінде көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған «Мейірімділік – ең асыл қасиет» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев уағыз айтып, аналарымыздың рухани серпіліс сыйлап, қасиетті Ережеп айымен құттықтады. Қайырымдылық шарасына Шымкент қалалық «Зекет» қоры мен Кувейт мемлекетінің Дүниежүзі және Азия мұсылман комитетінің еліміздегі жетекшісі Ясер Мохамед Али мырза үлкен қолдау көрсетті.

Шара аясында 40 отбасыға бір қап ұн, бір қап күріш, бір қап кортоп қант, өсімдік майы, шай, тұз, қант, пияз таратылды. Аталған шара ай сайын жалғасады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38