Шымкент қаласы Абай саябағында Ұлттық Медицина қауымдастығының ұйымдастыруымен Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу және гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиынға «Әл Муслим» мешітінің найб имамы Серикулов Рахымжан арнайы қатысып, қайтыс болған марқұмдардың туысқандарына көңіл айтты. Өз өмірін өзгелерді құтқару жолына арнаған, індетпен күресте өз өміріне қауіп төніп тұрса да, өзгелерді құтқару жолында шахид болған марқұмдарға Құран оқылып, дұға бағышталды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38