Шымкент. 14 наурыз. SHARIGAT.KZ – Жуырда Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында «Өзбек драма театрының» ғимаратында Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан жергілікті мешіттерге қарасты діну сауат ашу курстарының оқушы қыздары арасында жарыс өтті. Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Ташходжаев Назирхан және Қаратау ауданының бас имамы Желеуов Дастан арнайы қатысты.

Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бес пара және жарты пара яғни Құранның 30-шы парасының жартысы бойынша өтті.

Жалпы бес пара бойынша оза шыққандар:

1-ші орын, Бурханова Марям

2-ші орын, Абдураимова Лобар

3-ші орын, Есенгелді Жанна

Жарты пара бойынша:

1-ші орын, Юлдашкулова Айша

2-ші орын, Шаисмаилова Марям

3-ші орын иегерлері: Назарматова Маърифат, Яминова Дилбар және Холматбаева Матлуба

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38