SAM109

 SAM109

 

 

 

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 18 ақпан күні аудандық саз мектебінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында семинар – кеңес болып өтті. Семинар кеңеске аудан имамы, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, қала, ауыл әкімі аппараты қызметкерлері, аудандағы жалпы орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ішкі істер бөлімі қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Әлібеков пен аудан имамы А. Данияров дін мен дәстүрдің қоғамда алатын орны мен мән – маңызына тоқталып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу керектігін атап өтті. Семинар – кеңес барысында көтерілген тақырып бойынша пікірталас өткізіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 SAM109

 SAM110

 SAM111

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38