Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад тұрғын алабында Али Акбаев атындағы №98 жалпы орта мектебінде кездесу өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты.

Наиб имам өз кезегінде жоғарғы сынып оқушыларына деструктивті діни ағымдар туралы ақпарат беріп әрі интернетті, әлеуметтік желілерді қолданда мән беретін жайттарға тоқталып өтті. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38