Әлем жаңалықтары

ОРТА АЗИЯ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

ОРТА АЗИЯ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

Әлем жаңалықтары, Без рубрики, ҚМДБ
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларының жауапты өкілдерінің қатысуымен онлайн жиын өтті.Жиынға Өзбекстан діни басқармасы төрағасының орынбасары Хомиджон Ишматбеков, Баспасөз қызметі бөлімінің меңгерушісі Мухаммадаюбхон Хомидов, Пәтуа бөлімінің меңгерушісі Ғуломжон Холбоев, сондай-ақ Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы Абибилла Кадырбердиев, Пәтуа бөлімі меңгерушісі Равшан Эратов қатысты.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жиынға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері – Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Сма
ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ҚОЛДАДЫ

ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ҚОЛДАДЫ

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар, ҚМДБ
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының Ислам әлемінің ғұламаларына, дінбасыларына жолдаған үндеуін алыс-жақын шет елдердің мүфтилері қолдап жатыр. Соның бірі Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш та үндеуді қолдайтынын жеткізіп, хат жолдады. «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Тағанұлы, әуелі Ислам әлемінің діни басқарма басшыларына жолдаған, өте астарлы жолдауыңызды шынайы көңілден мақұлдаймыз. Жұма күні, Жұма уақытында дұғаға Түркия Мемлекеті және халқымен бәріміз бірлесе қол жайып, Жаратушы Алладан ең жақын мерзімде Мұхаммед үмбетін және адамзатты осы коронавирус індетінен құтқаруын тілейміз. ҚМДБ төрағасы бауырым Наурызбай Тағанұлына жалынды сәлемім мен шынайы ықыл
«БІЗ БІРГЕМІЗ, ТІЛЕГІМІЗ – ОРТАҚ». ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ МҮФТИІ ДЕ ДҰҒА ЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ

«БІЗ БІРГЕМІЗ, ТІЛЕГІМІЗ – ОРТАҚ». ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ МҮФТИІ ДЕ ДҰҒА ЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар, ҚМДБ
Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек қажы Тоқтомушев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған үндеуіне қолдау білдіріп, дұға етуге шақырды. Өзінің қолдауын ҚМДБ-ға жолдаған хатында толық баяндаған. Сондай-ақ Қырғызстан мүфтиятының сайтында да жарияланды. Қырғызстан мүфтиі жолдаған хатта: «Бауырлас елдердің ынтымағын арттырып, сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрді жалғастарғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Біз Сіздің мұсылман әлеміне жолдаған осынау Үндеуіңізге үнсіз қала алмаймыз, бауырлас қырғыз халқы да бір мезетте дұғада болмақ. Әлемді жайлаған індетпен күресте мұсылманның қаруы болған дұға арқылы күресуге біз де шақырамыз. Қиын сәтте барша мұсылманның тізе қосып, бірлікте дұға ет
БАС МҮФТИДІҢ ҮНДЕУІНЕ ОМБЫ МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ДА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

БАС МҮФТИДІҢ ҮНДЕУІНЕ ОМБЫ МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ДА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар, ҚМДБ
ҚМДБ төрағасы, Наурызбай қажы Тағанұлының «Біз біргеміз, тілегіміз – ортақ» атты әлем мұсылмандарына жолдаған Үндеуіне Омбы мұсылмандар діни басқармасы да қолдау білдіретінін жеткізді. Бұл турасында Омбы мүфтиі Бота хазірет Бакулиннің Діни басқармаға жолдаған хатында толық баяндалған. «Төрткүл дүниеге тарап, талай адамның өмірін жалмап жатқан ауыр індетпен күресте басымызды қосып, бір Аллаға мінәжат етуге шақырған Үндеуіңізді қабыл алдық. Біз имамдар жақсылық пен жамандық та Алла тарапынан екенін білеміз. Соған сай тек дұғада боламыз. Сіздің Рамазан айының қарсаңында жолдаған Үндеуіңізге Омбыдағы барша мұсылман қолдайды деп сенемін. Біздің ендігі тілегіміз ауырып жатқандарға Алладан шипа сұрап, індеттің бетін дұғамен қайтару. Сондықтан қадірменді Наурызбай қажы қиын сә
ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРД

ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРД

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Алимов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған үндеуіне қолдау білдірді. Бұл туралы Діни басқармаға арнайы жолдаған қолдау хатында баяндады. Өзбекстан мүфтиі хатында қазіргі уақытта коронавирус індетінің әлемді жайлап бара жатқанынына қынжылыс білдіріп, алаңдаушылық тудырғанын атай келе, осындай сын сағатта Өзбекстанда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ мұндай қиын шақта бірлесіп дұға жасаудың берекелі болатынын атап өтті. «Арамыздағы алшақтыққа қарамастан, бәріміз рухани біргеміз. Біздің күшіміз – шынайы дұғамызда. Індет – Алланың бізге жіберген сынағы. Сынақты қабыл алып, індетпен лайықты күрессек, бізге Алланың мейірім-шапағаты болы
ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ БАС МҮФТИ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАДЫ (ФОТО)

ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ БАС МҮФТИ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАДЫ (ФОТО)

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) ресми сайтында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының барша мұсылман үмбеті мен Ислам ғұламаларына жолдаған Үндеуі жарияланды.Мұсылман мемлекеттері басшыларының 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы – ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр. 1972 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымының жанынан Халықаралық ислам ақпараттық агенттігі ашылған болатын.Агенттіктің ресми сайтында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының барша мұсылман әлеміне жолдаған бейне Үндеуі жарияланды. Бас мүфти бүкі
БАС МҮФТИ РЕСЕЙ МҮФТИІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

БАС МҮФТИ РЕСЕЙ МҮФТИІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресейдің мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдинмен телефон арқылы сөйлесті. Екеуара әңгіме барысында коронавирус пандемиясының әлем жұртшылығына тигізіп отырған зияны, індеттен сақтанудың алғышарттары, осындай кезде және қасиетті Рамазан айындағы жұмыстарды үйлестіру жайын талқылады. Қазақстан мен Ресей мүфтилері коронавирус індетіне қарсы барлық тиімді шараларды жасап, мәселенің тиімді шешілуіне бар күшін салатынын атап өтті. Сондай-ақ телефон арқылы әңгіме барысында екі елдің үкіметтерінің инфекцияның таралмауы, халықтың денсаулығы мен дертке шалдыққандарды емдеу бағытында жасап жатқан жұмыстарына жоғары бағ
ТАТАРСТАН МҮФТИІ БАС МҮФТИ ҮНДЕУІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ТАТАРСТАН МҮФТИІ БАС МҮФТИ ҮНДЕУІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар
Татарстан мұсылмандарының діни басқармасы Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған үндеуіне қолдау білдірді.Татарстан Діни басқармасы Қазақстан мүфтиінің коронавирус індетінің өршуіне байланысты әлемдегі барша мұсылман қауымын күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға шақыру жайлы бастамасына қосылды.Татарстан мүфтиі Камиль хазірет Самигуллин Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына осы хабарды жеткізіп, бірлесіп дұға ететінін мәлімдеді. Бауырлас елдің бас мүфтиі Ислам әлемінің барша жетекшілерін, медреселер ұстаздары, Құран білгірлері һәм барша мұсылман үмбетін 10 сәуір жұма күні бесін намазы уақытында «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі бастама аясында бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға шақырды. Осы мақсатта Камиль
РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

Әлем жаңалықтары, Жаңалықтар
Ресей мұсылмандарының діни жетекшісі, мүфти Шейх Равиль Гайнутдин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған үндеуіне қолдау білдірді. Бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің muslim.ru сайты хабарлады. Равиль Гайнутдин «Дұға – мұсылманның қорғаны» деген Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін алға тарта келіп, Бас мүфтидің барша мұсылман қауымын 10 сәуір күні бір мезетте алақан жайып, дұға жасау туралы үндеуін зор ықыласпен қабыл алғанын жеткізді. Сондай-ақ Ресей мұсылмандарын Қазақстанның бас мүфтиінің бастамасын қолдауға шақырды. Ол 27 наурыз күні бүкілресейлік мұсылмандар болып, Алладан Өзінің панасына алып, қорғауын дұға еткенін айта келіп, мұның нәтижесі болатынын алға тартты.
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНЕ ҮНДЕУІ (ВИДЕО)

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНЕ ҮНДЕУІ (ВИДЕО)

Әлем жаңалықтары, Басты жаңалықтар, ҚМДБ
بِسْمِ ٱللّٰهِ ٱلرَّحْمٰنِ ٱلرَّحِيمِАса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!Әуелі барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән.Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарға оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу!Құрметті Дін Басшылары, мұсылман бауырлар!Бүгінде COVID-19 коронавирус жұқпалы дерті жер бетіндегі әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны баршаңызға мәлім. Өкінішке қарай, бұл індеттен әлемде мыңдаған адам көз жұмды. Әлемде осы дерттен қаза тауып, қара жамылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын!Өмірді сынақ мекені деп білген мұсылман баласы басына қиындық түссе, төзімділік танытады, нығметке бөленсе, шүкір етеді. Қиындықты сабырға жеңдірген пенде Алланың мейіріміне