Іс-шаралар

ШЫМКЕНТ: «Зияткер имам» атты аймақтық имамдар форумы өтті (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Зияткер имам» атты аймақтық имамдар форумы өтті (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде  Елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV Республикалық онлайн-форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында «Зияткер имам» атты аймақтық имамдар форумы ұйымдастырылды.          Форум жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Және форумда қабылданған құжаттардың маңыздылығына айрықша тоқталды.          Осыдан кейін, қалалық мешіттің найб имамдары Қазыбек Сарыбаеав  «Ас беру мәдениеті», Мұхамеджан Естеміров «Зияткер имам» және  Жансейіт Қалманов «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттары таныстырып, баяндама жас
ШЫМКЕНТ: ҚМДБ-30 жылдығына  3000 кітап таратылды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: ҚМДБ-30 жылдығына 3000 кітап таратылды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Тәуелсіздік және ҚМДБ-ның 30 жылдық мерекесі аясында Шымкент орталық мешіті дінді жаңадан үйренушілерге  «Намаз үйренейік» атты кітап үлестіру шарасын ұйымдастырды.          Шараға қалалық мешіттің  найб имамы Еркебұлан Қарақұлов, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы өкілі Қазыбек  Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.          Шара барысында Еркебұлан Қарақұлов уағыз айтып, қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың сәлемін жеткізді. Осыдан кейін, Қазыбек Сарбыаев сөз алып,  халал мәселелері және ҚМДБ-ның 30 жылда жетістіктері жөнінде кеңінен айтып берді. Сондай-ақ, кітапты әзірлеген Мұхамеджан Естеміров
ШЫМКЕНТ: Шағын футболдан турнир  ұйымдастырылды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: Шағын футболдан турнир ұйымдастырылды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен мешіт имамдар арасында ұжымдық жəне корпоративтік рухты көтеруге бағытталған шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.          Аталмыш ойынға лигада бес команда қатысты. Атап айтар болсақ:  «Ақмешіт», «Абай», «Əл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары ойын көрсетті. Лига ойындары қыркүйек айынан бері жалғасуда. Əр маусым бір айға созылады. Алғашқы екі маусымда «Əл-Фараби» ауданының командасы чемпион атанса, өткен аптада аяқталған маусымның чемпионы «Абай» тобы атанды.           «"Тимбилдинг -  имамдар арасында ұжымдық рухты, ауызбіршілік пен ұйымшылдық жəне тапқырлық пен белсенділікті арттыратын бі
ШЫМКЕНТ: Төлебилік имамдар  Шымкентке іс сапармен келді (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: Төлебилік имамдар Шымкентке іс сапармен келді (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Бүгін Шымкент қаласына ҚМДБ-ның Түркістан облысы, Төлеби аудан имамдары  достық һәм іс тәжірибе алмасу бойынша арнайы іс сапармен келді. Түркістан облысы, Төлеби аудандық мешіттің бас имамы Самат Анарбаев бастаған бір топ делегацияны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қабылдап, бұл игі бастама ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқындығын атап өтіп, екі жақты тәжірибе алмасу жұмыстарына сәттілік тіледі.  Осыдан кейін,  Шымкент орталық мешітінің сала бойынша жауапты мамандарының бөлмелеріне бас сұғып, әр бөлімнің жұмысымен жеке-жеке танысып, мол тәжірибе жинақтады. Мұнымен қатар,  сала мамандарының қатысуымен арнайы аймықтық семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Б
ШЫМКЕНТ: Жастар секторы «Пайғамбарға (с.а.с) сағыныш»  атты шара ұйымдастырды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: Жастар секторы «Пайғамбарға (с.а.с) сағыныш» атты шара ұйымдастырды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Бүгін, Шымкент қаласының «Жастар» секторы мен Абай ауданы «Масжиду Рохман» мешітінің ұйытқы болуымен «Пайғамбарға (с.а.с) сағыныш» атты шара ұйымдастырылды. Игі шара барысында қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков уағыз айтып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді. Шара барысында жастардың білімге деген құштарлығын артту үшін  сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, үздік  қатысушыларға арнайы сый-сипаттар  табысталды.          Осындай пайдалы шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ:  «Діни Оңалту» бөлімінің  есебі  тыңдалды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Діни Оңалту» бөлімінің есебі тыңдалды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
ҚМДБ  Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есеп беру мәжілісінде қалалық «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.          Дәлірек айтқанда,   қалалық  «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов бастаған 18 маман-дінтанушы имамдардан құралған топ мүшелері  күрделі жат ағым мүшелеміне 210 рет жеке кездесу және  57 рет онлайн ұйымдастырып, нәтижесінде 40 жат ағым өкілдері ата дінімізге оралып, бейімделіп, райнан қайтты.          Топ мүшелерінің арнайы  8 мақаласы және республикалық 3 семинарына қатысып,  және  12 аймақтық семинар жұмыстарын ұйымдастырған.        
ШЫМКЕНТ:  «KazBuilding-10» ЖШС Халал  сертификатына ие болды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «KazBuilding-10» ЖШС Халал сертификатына ие болды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Бүгін  ҚМДБ  Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есепте қалалық «Халал Даму» бөлімінің ұйытқы болуымен  түрлі сусындар шығаратын  «KazBuilding-10»  ЖШС   ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің  сертификатына ие болды.          Ресми шараға  барысында Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің директоры Айбек Асқарбекұлының сәлемін жеткізіп,  түрлі сусындар шығаратын  «KazBuilding-10»  ЖШС  директорына халал өнім шығаратын сертификатын табыс етті. Осындай адал өнім шығаратын кәсіпорындардың саны арта берсін дегіміз келеді. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ:  Бас мүфтидің жолдамасына  ие болды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: Бас мүфтидің жолдамасына ие болды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
ҚМДБ  Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша жыл бойы үздік қызмет атқарған бірқатар имамдар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан марапатталды. Мәжіліс барысында  Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  сәлемін жеткізіп,  марапат иелері  қалалық «Халал Даму» бөлімінің жетекшісі Қазыбек Сарыбаев,  Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов және «Мейірман» мешітінің имамы Дәуренбек Тасқараевтарға «Арыс» және «Ақсу Жабағылы» шипажайына екі кісілік жолдама табыс етілді. Мұнымен қатар, деструктивті діни ағымдармен өкілдерімен жеке және жалпы кездесу,  діни оңалту жұмыстары, уа
ШЫМКЕНТ:  Аудан имамдарының есебі  тыңдалды (ФОТО )

ШЫМКЕНТ: Аудан имамдарының есебі тыңдалды (ФОТО )

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Қазақстан мұсылмандары  діни  басқармасының  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі  орталық «Halifa Al-Nahaiаn Aqmeshiti» мешітінде жылдық атқарылған іс-шаралаға байланысты аудан имамдарының есебі тыңдалды. Кеңейтілген мәжілісті Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып,  жүргізді. Биылғы жылы  Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау  аудандарының есебі  12 сала бойынша балдық көрсеткіш арқылы бағаланды. Нәтижесінде, барлық талаптар бойынша Әл-Фараби ауданы үздік атанды. Тұңғыш рет жүзеге асырылған жобаны найб имам Мұхамеджан Естеміров пен  қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы жасап, таныстырды.  Жалпы, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов  Шымкент қаласының дербес
ШЫМКЕНТ:  Мәуліт жыры оқылды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: Мәуліт жыры оқылды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
https://youtu.be/s5dpQRSsPAQ Бүгін қасиетті жұма күні Шымкент орталық мешітінде Пағамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге Мәуліт айының құрметі мәулт жыры оқылып, салауаттар жолданды. Игі шараға Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Абдрахманов, найб имамдар Еркебұлан Қарақұлов, Қазыбек Сарыбаев және дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, ұстаз Мейірбек қари Сәрсенбаев, Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Мұрат Тастанбековтер қатысып, мәуліт жырын оқыды. Игі шара әлеуметтік желі арқылы таратылып, насихатталды. Шара соңында Құран бағышталып, Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Нұрматұлы арнайы елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етті. ҚМДБ Шымкент орталық мешіті баспасөз қызметі