Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

БАС МҮФТИ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Әлем жаңалықтары, ҚМДБ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғыз елінің белгілі дін қайраткерлері Чубак қажы Жәлилов пен Садридин қажы Маджитовтің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. «Соңғы бірер күнде қырғыздың белгілі дін қайраткерлері дүние салды. Кеше Бішкек қаласының қазиі Садридин қажы Маджитов, бүгін Қырғыздың бұрынғы мүфтиі, белгілі дін ғалымы Чубак қажы Жәлилов өмірден озды. Чубак қажы да, Садридин қажы да Ислам дінінің насихатшылары, дін білгірлері еді. Әсерлі уағыз-насихаттары арқылы көптің көңіліне жол таба білді. Көптеген шәкірт тәрбиеледі. Қырғыз жұртын имандылыққа, ізгілікке шақырды. Алла Тағала ол кісілерді алдынан жарылқап, ақыреттік жайын жәннаттан еткей! Олардың уағызынан сусындаған, насихатынан тәлім алған шәкірттері арасынан ұстаздың жолын жалғар шә
АТАҚТЫ АЙЯ СОФИЯ ШІРКЕУІ МЕШІТКЕ АЙНАЛДЫ

АТАҚТЫ АЙЯ СОФИЯ ШІРКЕУІ МЕШІТКЕ АЙНАЛДЫ

Әлем жаңалықтары
Рим империясының Константинопольда (Стамбұл) салдырған ең үлкен шіркеуі, ал қазір әлемнің ең әдемі музейлерінің бірі Айя София қайтадан мешітке айналатын болды. Бұл туралы TRT AVAZ хабарлады.Мұсылман әлемі үшін сүйінші хабар болған шешім Түркия мемлекет кеңесінің жиынында мақұлданған.Константин императордың бұйрығымен 532 жылы іргетасы қалаған шіркеудің құрылысы 537 жылы аяқталған-ды. Ал 1453 жылы Мехмет Сұлтан Константинопольді жаулап алған кезде Айя Софияны мешітке айналдырады. Сол уақыттан бастап ерекше сәулет нысаны 1934 жылға дейін мешіт болып тұрған. Ал 1934 жылдың 24 қарашасынан бері музей қызметінде Айя София бүгіннен, яғни, 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап қайтадан мұсылмандардың ғибадат үйіне айналып отыр.
«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» Қайырымдылық акциясы

«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» Қайырымдылық акциясы

"Зекет" қоры, Басты жаңалықтар
*Өмірге үміт сыйла!* Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар!Баршамызға белгілі, қазіргі таңда коронавирус індетін жұқтырушылар саны күрт өсіп, шарықтау шегіне жетіп отыр. Мыңдаған отандастарымыз қорқынышты індетпен арпалысып, өмір мен өлім арасында жатыр.Бүкіл әлем бойынша күн сайын COVID-19 індетімен емханаға келіп түсіп жатқан науқастардың санында шек жоқ.Қатігез індет сәбиді де, жасты да, кәріні де аяп жатқан жоқ.Елестетіп көріңізші...Дәл қазір Алланың бір пендесі, тынысы тарылып, қиналып кеудесін керіп дем алуын Алладан тілеп, жалбарынуда....*Сіз оған көмектесе аласыз!* Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты "Зекет" қайырымдылық қоры хабарлайды!Адам өкпесін жасанды жолмен демалдыру аппараттарын сатып алып, сіздің көмегіңіз арқылы бір адамның өмір
БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

Әлем жаңалықтары, Қажылық бабы
Саудия билігі пандемияға байланысты биылғы қажылық үшін арнайы ережені бекітті. Аталмыш ережедегі талаптар жұқпалы індеттің одан ары таралуына жол бермеуге, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саяды. Сондай талаптардың бірінде бір жерге топтанып жиналуға тыйым салу қарастырылған. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты.Осы орайда естеріңізге сала кетсек, жергілікті қажылардың қарасы шамамен 1000 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданған болатын. Ал шетелдік қажылар биылша қасиетті сапарын шегере тұруына тура келеді. Қажылар, сондай-ақ, парызын өтеу барысында бір-бірінен кем дегенде бір жарым метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Қасиетті Қағбаны тәу етіп айналған кезде де бұл талап сақталуы тиіс. Шілде айының 19-нан тамыздың 2-не дейін Минаға, Муздалифка және Арафатқа
ШЫМКЕНТ: «Нұртөбе»мешітінде жағдайы төмен отбасыларға ет таратылды

ШЫМКЕНТ: «Нұртөбе»мешітінде жағдайы төмен отбасыларға ет таратылды

"Зекет" қоры, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Құрсай елді мекенінің тұрғындары бір қара малды құрбандыққа шалды. Елдегі болып жатқан аты жаман індетке қарсы, "Нұртөбе"мешітінің бас имамы Жәміш Бердалы дүниеден өткендерге Құран оқып елге дұға жасады. Шалынған құрбандық етін жағдайы төмен 20 отбасына таратып берді. Алла разы болып дұға тілектерімізді қабыл алғай.
ШЫМКЕНТ:   «Торлан» мешітінде 130 отбасыға ыстық тамақ таратылды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Торлан» мешітінде 130 отбасыға ыстық тамақ таратылды (ФОТО)

"Зекет" қоры, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Бүгін, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай ұйымдастырылған шараға  Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан»  мешіті  мен  «Зекет» қорының өкілдігі құрбан шалып, дұға ету шарасы өткізілді. Игі шара аясында  Шымкент қаласы,  Абай ауданы  «Торлан»  мешітінің бас имамы Ғалымжан қажы Назаров қатысып, әлемге дүрбелең салған  COVID-19 жұқпалы індетінен  тез құтылып, ауырғандар сауығып кету үшін арнайы салауат, истиғфар айтып дұға етті. Айта кетсек, бұл шара  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолға алуымен қаладағы барлық мешіттерде өткізіліп жатыр. Игі шара барысында арнайы үш мал шалынып, құрбан еттері 8 мұқтаж отбасыларға таратылды. Және 130 отбасыға ыстық тамақ әзірлен
ШЫМКЕНТ:  Елорда күні мерекесіне орай қайырымдылық  шарасы өтті (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: Елорда күні мерекесіне орай қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

"Зекет" қоры, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Бүгін Елорда күні мерекесіне орай ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  найб имам Мұхамеджан Естеміров,  «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы,  қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысып,  ел басқарып жүрген асыл азаматтарымызға дұға етіп, жұмыстарына табыс пен бақ-бероеке тілеп, мереке күнімен құттытады.   Әлемде болып жатқан індетке байланысты жұмысынан және табысынан айырылған көпбалалы және мүмкіндігі жектеулі  80 отбасылардың үйлеріне  азық-түлік жеткізіліп берілді.  Жоғары деңгейде ұйымдастырылған осындай игі шараларға айрықша қолдау көрсеткен Шымкент қалалық жастар ісі секторының жетекші
ШЫМКЕНТ:  COVID-19 жұқпалы індетінен   айығу үшін дұға жасалды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: COVID-19 жұқпалы індетінен айығу үшін дұға жасалды (ФОТО)

Жаңалықтар
Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен  тез құтылып, ауырғандар сауығып,  бұрынғы қалпымызға жету мақсатында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде құрбан шалып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай ұйымдастырылған шараға  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  найб имам Мұхамеджан Естеміров,  Мейірбек қажы Сәрсенбаев,  қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы,  «Жастар секторы» жетекшісі Анарғали Керімбековтер мен қатар қаладағы барлық мешіт имамдары атсалысып,  салауат, ыстиғфар айтып, дұға тілек жасап, арнайы қажет намазы оқылды.  «Санитарлық талаптар мен ережелерді сақтау қажет. Әрбір адамның өмір аманат. Пайғамбарымыз (с.а.с
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ COVID-19 ІНДЕТІ КЕЗІНДЕ ЖАНАЗА ЖӘНЕ ҚҰДАЙЫ АС ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ COVID-19 ІНДЕТІ КЕЗІНДЕ ЖАНАЗА ЖӘНЕ ҚҰДАЙЫ АС ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

Жаңалықтар
Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Құрметті отандастар, қадірлі бауырлар! Елімізді дүрліктірген індеттің қаупі күннен-күнге өршіп бара жатқаны өздеріңізге мәлім. Ауру айтып келмейді. «Сақтансаң – сақтаймын» демекші, төрткүл әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлық таныту – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері хақ. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің мұсылман қауымын Жаназа намазы мен Құдайы астарға қатысудың келесідей ережесін сақтауға үндейді: Жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға: – Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуына; – Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына; – Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға; – Бойында де
ШЫМКЕНТ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ: Ә.СМАНОВТАР ӘУЛЕТІНЕ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

ШЫМКЕНТ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ: Ә.СМАНОВТАР ӘУЛЕТІНЕ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Жаңалықтар
Бүгін елімізге белгілі, ұлағатты ұстаз, дін жанашыры  әрі "Сарыағаш" медресе-колледжінің директоры Әбдіғаппар Смановтың қазасы туралы қаралы хабарды естігенде қабырғамыз қайысып, ауыр күйзелісте қалдық.          Бұл жағдай өңір жұртшылығы мен жамағатқа да ауыр тиіп отыр. Осы орайда Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен барша мешіт имамдары атынан Смановтар әулетіне қазаның арты қайырлы болсын деп қайғыларыңызға ортақтаса отырып көңіл айтамыз.          Ұстаз Әбдіғаппар Шәкірұлы өзінің саналы ғұмырында дін исламның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, жастарымыздың діни білімі мен сауатының артуы үшін медресе ашқан, мұсылман қауымның иманын күшейту жолында тәлімді уағыз-насихаттарын айтып өткен бір