Жұма мінбері

Жәннатқа жетелейтін жол ізде! | жұма уағызы

Жәннатқа жетелейтін жол ізде! | жұма уағызы

Жұма мінбері, Мақалалар
Бүкіл жаратылыс атаулыны өз құдіретімен, шексіз сүйіспеншілікпен жаратқан Аллаға сансыз мақтаулар болсын. Адамзат баласына екі дүние бақытына қол жеткізетін хақ дінді түсіріп, тура жолды көрсетіп, рухымызды кемелдендіретін иман нәрін нәсіп еткен Аллаға шүкір айтамыз. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла Тағала жаратылыстағы нығметтерді бізге мейірімімен ұсынып, ішсін, жесін, тұтынсын деп біздің игілігімізге берген. Сондай сансыз нығметтерді қажетімізше пайдаланғанымыз үшін де біз Алланың алдында бас иіп, ардақты адамзат баласы етіп жаратылғанымыз үшін алғыс білдіріп, Оның әміріне бойұсынамыз. Шындығында біздің жасаған қандай да бір ізгі амалдарымыз өзіміз үшін де пайдасы орасан зор. Мысалы, шын жүрекпен иман келтіре отырып, жұдырықтай жүрегімізді тыныштандырамыз. Бес уақыт намаз оқи от