Жұма мінбері

Намаз – ұлық ғибадат

Намаз – ұлық ғибадат

Жұма мінбері
КІРІСПЕ: Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті. Сондықтан намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды міндет. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазға былайша анықтама берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым! Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла Тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі, пайғамбарлардың сүннеті, періштелердің ең сүйкімді ісі, жер мен көктің нұры, тән саулығының қайнар көзі, ризық-несібенің береке
МЕШІТ – ИМАНДЫЛЫҚ ҰЯСЫ

МЕШІТ – ИМАНДЫЛЫҚ ҰЯСЫ

Жұма мінбері
КІРІСПЕ: Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен, балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сынды көптеген діни рәсімдер мешітте орындалады. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нұрлы шаһар Мәдинаға көшкен кезде алғашқы қолға алған ісі – мұсылмандардың басын қосатын мешіт салу болды. Құран Кәрімде және хадистерде мұсылмандардың құлшылық жасайтын мекені әрі пенде мен Раббысы арасындағы байланысын арттыратын орын «мешіт» деп аталған. Осылай аталуының өзіндік себебі
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ!

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ!

Жұма мінбері
КІРІСПЕ Алла Тағала адам баласын басқа жаратылыстардан ерекше етіп, ақыл мен сана берді, көркем түрде жаратты. Тізіп айта берсе, сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірегейі – ғұмыры және денсаулығы. Адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса таба алмайтын баға жетпес байлық та сол тәннің саулығы мен ғұмырының босқа өтіп кетпеуі. Рухтың уақытша қонақтайтын мекенін тән дейміз. Ал адамның тәні – Алланың аманаты. Аманатқа қиянат жасау мұсылман адамға жараспайды. Әрине, пенде баласы көбіне бұған бейжай қарап, аманат жүгін лайықты түрде арқалай алмайды. Сондықтан даналарымыз «денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» дегенге сай келіп жатады. Көбіне адамның басына іс түскенде оңды-солына қарап, жасаған қат
ЕҢБЕГІМЕН ЕР СЫЙЛЫ («Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша)

ЕҢБЕГІМЕН ЕР СЫЙЛЫ («Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша)

Жұма мінбері
КІРІСПЕ Бізді жоқтан бaр eткен, мұсылман eтіп жaрaтқaн, имaнға бөлеп, сaнсыз нығмет берген Аллaға сансыз шүкіршілік! Бүкіл жaрaтылысқа мейірімді, соңғы деміне дейін «үмметім, үмметім» деп біздерді ойлап уайымдаған, екі дүниенің шaм-шырaғы, сүйікті Пaйғaмбaрымыз Мұхaммед Мұстaфaғa ﷺ көптеген сaлaуaт, сәлем болсын! Aдaмзaт бaлaсы жер бетінде пaйдa болғaннaн бері өзінің мaтериaлдық және рухани қaжеттілігін қaнaғaттaндыру үшін еңбек етіп келеді. Ислaм дінінде мұсылмaн баласына дүние және aқыреті үшін aдaл еңбек етуді басты назарда ұстайды. Құран Кәрімдегі қасиетті аяттарда еңбек, ізгі іс әрдайым иманмен бірге қосарланып, екеуі бір-бірінен ажырамас ұғым екендігі баса айтылған. Ол іс-әрекеттерге құлшылық, ғибадат істермен бірге адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік сынд
МӘДЕНИЕТТІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК МӘЙЕГІ («Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша)

МӘДЕНИЕТТІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК МӘЙЕГІ («Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша)

Жұма мінбері
КІРІСПЕ: Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алла Тағалаға сансыз мадақ! Адамзаттың ардақтысы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ көптеген салауат және сәлем болсын. Адам баласының қоғамдық ортада мәдениетті болуы, өзін ұстай білуі, үлкендерді сыйлауы, оларға құрмет көрсетуі, сәлемдесуі, сыпайылық танытуы – рухани байлығының көрсеткіші. Қазақ халқының қанға сіңген дәстүрі бойынша кісіні сыйлау, құрметтеу – әрбірімізге міндет. Бабаларымыз баланы бесігінен-ақ жақсы әдептерге, мәдениетті, ізетті болуға баулыған. Мәдениетті адам болу арқылы әрбір адамның бойына әдептілік қалыптасады. Сондай-ақ мәдениеттілік – ғұмырыңды ұзартып, берекеге кенелтеді.    Қасиетті Құранда: هُوَ أَنْشَأَكُمْ مِنَ الأرْضِ وَاسْتَعْمَرَكُمْ فِيهَا«... Ол Алла сендерді жерден жаратты әрі сол жер бет
ЫСЫРАПШЫЛДЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ

ЫСЫРАПШЫЛДЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ

Жұма мінбері
КІРІСПЕ: Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мақтау мен мадақ бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның отбасы мен ізбасарларына салауат пен сәлем болсын. Ислам діні мұсылман баласына ішіп жеуде, киім киюде, дүние жинауда және оны пайдаланып, жұмсауда орта жолды ұстауды бұйырған. Ішкен-жегеніміздің, киген киіміміздің, тапқан табысымыздың адалдығын қадағалаумен қатар, күнделікті тіршілігіміздегі несібемізді пайдалану жолында ысырап болмауына да көңіл бөлуіміз басты мәселе. Адам баласы бұл дүниеге бостан босқа жаратылмаған. Ақыл-есі бар адамзат әрбір ісі мен сөзі үшін, өзін жаратқан Жаратушы Алланың алдында жауапты. Алла Тағала әрбір ақыл иесіне: أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْج
Құрбан айт – ұлық мереке

Құрбан айт – ұлық мереке

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Жұма мінбері, Мақалалар
Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан құдіретті Алла жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған Қасиетті кітабы Құранда: وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ«Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасындеп жараттым»[1] деп, адамның жаратылуындағы мақсат – құлшылық, Аллаға  бағыну, разылығына ұмтылу екенін баяндайды. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда
Ашудың зияны

Ашудың зияны

Басты жаңалықтар, Жұма мінбері, Мақалалар
Ашу – ыза, кейіс, реніш, араздық түрінде көрініс беретін адам мінезі мен көңіл-күйінің жағдайы. Ашулану – адамның көркем мінез құлқын төмендетіп, денсаулығына зиян келтіреді. Ашудың, денедегі ең үлкен зияны жүрек пен бүйректерге келеді. Өйткені ашу денедегі қан айналым жүйесінің ауытқуына апарады. Қан тамырларының тарылуына себеп болады және қанның еркін айналуына мүмкіндік бермейді. Сол себепті жүрегі ауру адамдарға ашуланбауға кеңес беріледі. Сондай-ақ адам ашуланған кезде қанның құрамындағы қант мөлшері артады. Адамның санасын игере алмауының себебі де қан айналымының нашарлауынан болады. Сүйікті пайғамбарымыз ﷺ: «Нағыз күшті, балуан, қаһарман - бәрін жеңген адам емес. Ашуланған кезде нәпсіне ие болып, ашуын жеңе білген адам нағыз балуан» деген.       Ия шынымен адам ашуланған кезін
Қажылық – бес парыздың бірі

Қажылық – бес парыздың бірі

Басты жаңалықтар, Жұма мінбері, Мақалалар
Баршаны жоқтан бар қылған, біздерді мұсылмандардан еткен Аллаға мақтау-мадақтар болсын. Раббымыздың тура жолын өмірімен үлгі етіп жеткізген пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Исламның бес тірегінің бірі болған қажылық құлшылығы – Алланың құлдарына берген жақсылықтарға толы зор мүмкіншілігі. Қажылық сөзі – араб тіліндегі الحَجُّ (әлхажжу) ұғымының баламасы. Тілдік мағынасы: ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту. Фиқһ ілімінде қажалық дегеніміз – балиғатқа толған, ақыл есі дұрыс, денсаулығы сау әрі қаражат мүмкіншілігі табылған әр мұсылманның Алла үшін ғұмырында бір мәрте шариғат белгілеген мерзімде арнайы шарттарға тәуелді құлшылық рәсімдерін орындауға дара тағайындалған қасиетті орынды зиярат ету. Құран Кәрімде Алла Тағала қажылық ж
Қадір түнінің қасиеті

Қадір түнінің қасиеті

Басты жаңалықтар, Жұма мінбері, Мақалалар
Қадір түні араб тілінен аударғанда (ليلةُ القدر – ләйләтул-қадір) – қасиетті түн деген мағынаны білдіреді.  Бұл түн Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Осынау түн жайлы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» баяндалған. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болуына байланысты мұсылмандар Рамазан айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізуге тырысады.«Қадір» сөзінің мағынасы Құран Кәрімге түсініктеме жазған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир «Қадір» сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өтеді: «Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Осыған байланысты қадір түні дегенде Алланың тағдырды үкім ететін түні екендігін білуге болады. Бұл жердегі тағдыр ұғымы, әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран Кәрімде: فِيهَا يُفْرَ