Сахабалар өмірбаяны

Сахабалар және автобус

Сахабалар және автобус

Ғибратнама, Сахабалар өмірбаяны
Күндердің күнінде Жабир есімді кісінің иманды, тақуа досы болады. Ол Жабирге Пайғамбардың (с.а.у.) сахабалары туралы әңгімені көп айтып, олар секілді болуды насихаттайды екен. Содан бір күні досы Жабирге әңгімесін бастай бергенде: — Олар да біз секілді адам емес пе? Біз де қаласақ солар секілді иманы жоғары мұсылман бола аламыз, олардың істегенін біз де жасай аламыз, деп Жабир орнынан тұрып кетеді. Үйіне келген Жәбир тынығып алайын деп ұйықтайды. Түсінде бір іші тола адам автобуста кетіп барады. Жан жағына қараса досының айтқан сахабаларының бәрі сол автобуста жолаушы екен. Жабир таңдана отыра береді. Кенет автобус жардан төмен қарай жолдан шығып жаймен түсе бастайды. Жолаушылардың барлығы сабырлық танытып, автобусты тоқтату керек деп әрекет жасайды. Жабир өз кезегінде автобустан шығып
Сахабалар өмірбаяны: Осман ибн Аффан

Сахабалар өмірбаяны: Осман ибн Аффан

Мақалалар, Сахабалар өмірбаяны
Осман ибн Аффан хижреттен 47 жыл бұрын Таифте дүниеге келді. Ол Пайғамбарымыздан (с.а.у.) алты жас кіші. Әкесі Аффан саудамен айналысатын бай кісі болатын. Ол сауда мақсатымен Сирияға жасаған сапарының бірінде қайтыс болды. Әкесінен Османға мирас ретінде көп байлық қалды. Осман да саудамен айналысты. Ол көп табыс табатын және қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, халқына үнемі жақсылық жасайтын. Сондықтан халық Османды жақсы көріп сыйлайтын. Оның жәһилия дәуіріндегі өмірі жайлы жеткен мәліметтер осы ғана. Оның жәһилия кезіндегі өмірі де басқа сахабалардікіндей еді. Сахабалардың мұсылман болмастан бұрынғы өмірлері жайлы мәліметтер толық болмағанмен мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі үлгі-өнегеге толы өмірлері жайлы мәліметтер сақталып, заманымызға дейін келіп жетті. Оларды өмірге қайт
Сахабалар өмірбаяны: Омар ибн Әл-Хаттаб

Сахабалар өмірбаяны: Омар ибн Әл-Хаттаб

Мақалалар, Сахабалар өмірбаяны
Алла Елшісінің Ислам шуағын жаһанға жаю жолындағы толассыз күресінде Оған ең жақын болған сахабалардың бірі - екінші халифа Омар ибн Хаттаб. Ол Ислам тарихында белгілі Піл оқиғасынан он үш жылдан кейін Меккеде дүниеге келген. Құрайыштың Ади тайпасынан шыққан Омардың әкесінің аты - Хаттаб ибн Нуфәйл, шешесі - құрайыштың Махзұн тайпасынан шыққан Хантәмә бинт Хашим[1]. Омар ибн Хаттабтың мұсылман болмастан бұрынғы өмірі жайлы толық мәлімет жоқ. Әйтсе де, бала кезінде әкесінің малын бағып, кейіннен саудамен айналысқандығы мәлім. Ол Сирияға қатынайтын сауда керуеніне қосылатын. Қараңғылық дәуірінде Меккенің белді адамдарының қатарында болып, меккеліктердің елшілік міндетін атқаратын. Соғыс шығар жағдайда қарсы жаққа Омар жіберіліп, оның берген мәліметі бойынша шешім қабылданатын. Ру-тайпалар
Сахабалар өмірбаяны: ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ

Сахабалар өмірбаяны: ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ

Мақалалар, Сахабалар өмірбаяны
Хазіреті Әбу Бәкір Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бірнеше жас кіші. Әкесінің аты Осман болғанмен Әбу Кухафа деген атпен танымал еді. Анасының есімі - бүкіл жақсылықтардың анасы дейтін мағынаға саятын Үммул-Хайр, жұбайының есімі - Үмму Румман, одан бұрын Асма бинт Умейске үйленген еді. Әбу Бәкір үш қыз бен үш ұлдың әкесі болды. Ислам дінінің Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейінгі ең ардақты тұлғасы - Әбу Бәкір (р.а.). Ол Ислам діні жолында жанын да, малын да пида етуімен, туралық, шынайылығымен басқаларға жарқын үлгі болды. Бүкіл ғұмыры биязылық, жомарттық, жанкештілік тәрізді адамдық асыл қасиет өрнектеріне толы. Хазіреті Әбу Бәкір әлемге Ислам шуағы төгілместен бұрын да сол қараңғылық дәуірдің өзінде жандүниесі нұрға толы еді. Ешқашан жансыз, қимылсыз, ақылсыз, өзге түгіл өзіне де пайдасы не
Сахабалар салған сара жол және бірілк пен сабыр

Сахабалар салған сара жол және бірілк пен сабыр

Мақалалар, Сахабалар өмірбаяны
«Жұлдыздар – аспанның аман тұруына кепіл. Жұлдыздар аққан күні аспанға уәде етілген күн туады. Мен – сахабаларымның аман тұруына кепілмін. Мен кетсем сахабаларымның басына уәде етілген күн туады. (далее…)