Әртүрлі

Қара көйлек пен қара орамал тарту жайлы

Қара көйлек пен қара орамал тарту жайлы

Әртүрлі, Сұрақ-жауап
Сұрақ: Мен қазақы үлгідегі киімдерді киейін десем бір танысым: "Қара көйлек пен қара орамал тартуы керек" дейді. Мен қазақы ою-өрнегі бар ұлттық киімдер кигім келеді. Олай істесем шариғатқа сай бола ма? Танысымның айтқаны туралы не дейсіз?Жауап: Қазақы үлгідегі киімге келсек, ниетіңізге Алла разы болғай. Әйелдердің киім үлгісіне қатысты Ислам дінінде бұйырылған шарттар Құран аяттарында нақты белгіленген. Онда әйелдердің тек әурет жерлерінің жабылу мәселесі ғана қарастырылған. Ал сәндік үлгісі мен түсіне қатысты парыз болып бекітілген қағида жоқ. Осыған орай, ислам аясында қалыптасып дамыған Араб, Парсы, Үнді немесе Түрік өркениеттеріне көз салсаңыз, әр мәдениеттің өзіндік салт-дәстүрлеріне сай киім үлгілерінің таралуын байқауға болады. Олардың әр қайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай, мәд
Беташар жайлы

Беташар жайлы

Әртүрлі, Неке, Сұрақ-жауап
Сұрақ: Жауабын таба алмай жүрген мәселем бар еді. Тойларда болғанда кейбір жігіттер "беташар" жасағанды жақтырмай, "дінге жаңалық енгізу" деп жатады. Сонда дінді ұстанған адам дәстүрдің бәрін де тәрік ету керек болғаны ма?Жауап: Сұрағыңыз өте орынды, қойғаныңыз үшін Алла разы болсын. Бүгінде қоғамымыз арасында жат пиғылды, бұрыс көзқарасты діни ағымдардың белең алғандығы белгілі. Олардың ішінде Исламды жамылып, Қазақ халқына қарсы іс-әрекет жасап жатқандар да баршылық. Өкінішке орай, сондай ағымдардың қатарына кірмесе де, діни сауатсыздығынан сондай ағымдардың пікірлерін ұстанып жатқан бауырларымыз да жоқ емес. Қазақ ежелден мұсылман болған халық. Қасым ханның қасқа жолы да, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» да ислам шариғатына негізделген болатын. Сіздің сұрағыңызға келсек, қазақта «беташ
Әйел адамның мал бауыздауына шариғат не дейді?

Әйел адамның мал бауыздауына шариғат не дейді?

Әртүрлі, Сұрақ-жауап
Ислам діні бойынша мұсылманның бауыздаған малын жеуге болады. Ең бастысы мал шариғат талабына сай бауыздалуы керек. Яғни, әйелдің немесе қыз баланың, сондай-ақ ақылы кірген жас баланың малды бауыздауына болады және бұл малдың еті желінеді. Тіпті, олар құрбандық малын да бауыздай алады. Бұған мына оқиғаны дәлел ретінде келтіре аламыз: бір күні сахаба Кәғб ибн Мәліктің қойын бағатын бақташы  әйел ауырған бір малды өткір таспен бауыздайды. Сол кезде сахаба Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) «Бұл малдың етін жеуге бола ма?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, жеңдер» деп жауап берген. (Бұхари) Әрине, ер кісі болған жағдайда, ер адамның бауыздағаны абзал. Ақылы кірмеген сәбидің, ақылынан адасқан кісінің немесе мас адамның мал бауыздауы дұрыс емес. Өйткені, құрбан шалу барысында ниет
Нәзір құрбандық дегеніміз не?

Нәзір құрбандық дегеніміз не?

Әртүрлі, Сұрақ-жауап
Мысалы, ауырып жатқан адам «ауруымнан айықсам, құрбандыққа бір мал шалам» деп ниет еткен болса, ауруына шипа тауып аяғына тұрған жағдайда құрбан шалуы – уәжіп. Себебі, Құранда: «Әй, мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар» (Мәидә сүресі, 1-аят) делінген. Осы жағдайда шалатын құрбандығы аталған, яғни нәзір құрбандық болады. Нәзір құрбандық ретінде сойылған малдың етінен құрбандықты шалушы кісінің өзі және туыстарының жеуі дұрыс емес. Егер, олар сол құрбандық малдың етінен белгілі бір мөлшерде жеген болса, сол мөлшерде садақа береді. Алау ӘДІЛБАЕВ, теология ғылымының докторы
Сәбиді өзге ананың емізуі дұрыс па?

Сәбиді өзге ананың емізуі дұрыс па?

Әртүрлі, Сұрақ-жауап
Егер сәби бір әйелдің сүтін еметін болса, онда араларында сүт туыстығы пайда болады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады»деген. (Бұхари) Яғни, сүт емізген әйел мен оның күйеуі, балалары және бауырлары сүт емген бала үшін туыс болып саналады.  Ер жігіт сүт анасымен және оның қыздарымен үйлене алмайды. Сондай-ақ, қыз балаға да сүт анасының ұлымен тұрмыс құруына рұқсат жоқ. Яғни, Ислам дінінде қыз бен жігіт бір-біріне туыс болмай, бірақ сәби кезінде бір ананың сүтін емсе яки ішсе онда олар да бір-біріне ана сүті жағынан туыс болып бір-біріне қосыла алмайды. Сүт ему жолымен харам болу үкімі нақтылануы үшін сүт емудің сәби шақта іске асуы керек. Имам Ағзамның көзқарасы бойынша, сүт еметін сәби шақ екі жарым жыл деп есептеледі. Сүт бала б
Кифая парыз деген не?

Кифая парыз деген не?

Әртүрлі, Сұрақ-жауап
Парыз амалдар «парыз айын» және «парыз кифая» болып екіге бөлінеді. Әрбір мұсылманның өзінің орындауы міндетті амалдар «парыз айын» деп аталады. Ал енді сіздің сұрағыңыздағы парыз кифаяға келер болсақ, әр мұсылманға жеке-жеке міндеттелмеген, мұсылмандардың арасынан бір топ атқарса басқалары жауапкершіліктен босатылатын амалдар «парыз кифая» деп аталады. Парыз кифая амалдарды ешкім орындамаса, онда бүкіл қоғам жауапты әрі күнәһар болады. Мысалы, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю, ілім іздеу, өнермен айналысу, куәлік ету, жаназа намазы т.б. амалдар. Егер бір мұсылманның жаназа намазына бірнеше мұсылман ғана қатысса, ол міндет көпшіліктің мойнынан түседі. Ал қайтыс болған мұсылманның жаназа намазына ешкім қатыспаса, онда мұсылмандардың бәрі күнәһар болады. Парыз-кифаяның сауабы орынд
Исламдағы «истисхаб» дәлелі деген не?

Исламдағы «истисхаб» дәлелі деген не?

Әртүрлі, Мақалалар, Сұрақ-жауап
Осыған орай мынадай екі байлам жасалады: Әуел баста бар екендігі белгілі бір жағдайдың жалғасып-жалғаспағандығына қатысты күмән туындаса истисхаб жолы арқылы бұрынғы бар болғандығын назарға ала отырып, ол жағдайдың жалғасып жатқандығына қатысты шешім шығарылады;Әуел баста бар болмағандығы белгілі бір жағдайдың кейіннен туындап-туындамағандығына қатысты күмән туындаса, истисхаб жолы арқылы бұрын жоқ болуына байланысты, қазір де оның жоқ екендігіне қатысты шешім шығарылады. Осы екі жағдайға мысал келтірейік: —   Егер бір адам ешқандай айыбы жоқ деп бір затты сатып алып, кейін бір айыбы бар деп оны қайтарып бергісі келсе, сатып алып жатқан кезде сол затта қандайда да бір айыптың болып-болмағандығына қатысты сатушымен дауласатын болса, сатушыдан сөзін растайтын дәлел келтір
Тәкаппарлықтан қалай арылуға болады?

Тәкаппарлықтан қалай арылуға болады?

Әртүрлі, Сұрақ-жауап
Бұл жердегі тәкаппарлық Алла мен пайғамбары жеткізген ақиқатты мойындамауға қатысты. Бұл өз кезегінде күпірлік болғандықтан әрине, мұндай адамның жәннатқа кірмесі белгілі. Ал екінші, адамның мінез-құлқына байланысты тәкаппарлық. Ол өзгелерді менсінбей, мұрнын шүйіре қарау. Мұндай паңсыну адамды діннен шығармағанымен күнә болып есептеледі. Мұндай адам күнәсінің жазасын өтеу мерзімі біткеннен кейін Алланың мейірімімен жәннатқа кіреді. Тәкаппарлықтан құтылу үшін бірінші кезекте оның себептерін дұрыс анықтау қажет және соған қарай амалын қарастырған жөн. Адам баласы өз бойындағы кейбір қасиеттерімен тәкаппарлыққа бой алдырып жатады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:    Біріншісі: Тектілігімен паңсыну. Тектілігімен паңсынған адам мына екі мәселені білу арқылы одан құты
Әбу Ханифа ақида ілімімен айналысуға тыйым салған деген мәлімет дұрыс па?

Әбу Ханифа ақида ілімімен айналысуға тыйым салған деген мәлімет дұрыс па?

Әртүрлі, Мақалалар, Сұрақ-жауап
Әбу Ханифаның ілімнің қай саласынан бастағаны жайлы түрлі риуаяттар бар. Солардың бірінде сол кездегі оқытылатын ілімдердің бәрін салыстырып барып, әуелі ақида (кәләм) ілімімен шұғылданып, ақырында фиқһ ілімі тура жолдан адастырмайды деп тоқтамға келгендігі айтылады[1]. Имам Зәхәби бұл риуаяттардың дұрыстығына күмән келтіре отырып, сынға алған. Осы риуаяттарда әуелі Әбу Ханифа ақида ілімімен айналысқан делінеді. Зәхәби ол кездері әлі ақида ілімінің жүйелі түрде қалыптаспағандығын атап көрсетеді[2]. Десе де, сол кездері төртінші халифа Али ибн Әбутәліп кезеңінде орын алған Жәмәл (656 ж.), Сыффин (657 ж.) және төреші тағайындау мәселесі кәләмдық мәселелердің тууына жол ашты. Осы оқиғалардан кейін «Үлкен күнә, амал-иман, тағдыр, Құранның махлуқ (жаратылған) болып-болмағындығы, Алла тағала
«Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей» деген хадис бар ма?

«Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей» деген хадис бар ма?

Әртүрлі, Сұрақ-жауап
Кемелдікті кемеріне жеткізу үшін келген Ардақты пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уә сәлләм) тәлім алған түркі мұсылман жұртшылығы арасында «Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей» деген сөз кең тарап кеткен. Негізінен, тура осы сөздермен келген хадис мәтінін кездестіре алмадық. Алайда, осы мағынаға сай келетін басқа хадистер бар. Мәселен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбаға қарап тұрып: «Еш күмәнсіз Алла Тағала сені өте қадірлі, ұлық етіп жаратты. Алайда, мүмін адам сенен де қадірлі» деген (Ибн Мәжә, Фитән, 2; Мажмағ әз-зәуәид, 1/81) Тағы бір хадисте «Алла үшін әлемнің жоқ болуы, мүмін адамның өлтірілуінен жақсырақ» делінген (Термези, Дият, 7; Нәсәи, Тахрим, 2). Термези бұл хадисті «хасан» деп бағалаған. Осы мәндес хадистерге сүйенген Мәулана Жалаладдин әр-Руми: «Қағба – Аз