
ИМПЛАНТАЦИЯ САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
Деннің саулығы тіске байланысты. Себебі, тіс бала мен ересек адамның денсаулығына, бүкіл бет-әлпетіне, көңіл-күйіне және мінез-құлқына әсер етеді. Тіс біз үшін үлкен мәнге ие. Өйткені тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тісі жоқ адамның сөзі де дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі медицина ауру тісті емдеу, тістегі қуысқа пломба қою, тіпті жасанды тіс орнату арқылы адамның 32 тісін орнында сақтап қалуға тырысуда. Соның бірі – имплантация. Ол протез секілді алынып-салынбалы зат емес. Имплантация – науқас үшін күрделі емес және қатты ауыртпайтын хирургиялық іс-шара. Яғни, тіс тамырының функциясын өзіне алу үшін, тіс имплантаты жақ сүйегінің үстіне қысқа ота жасау арқылы қондырылады. Содан кейін оған сенімді әр