Пәтуалар

СПИРТ ҚОСЫЛҒАН ТАҒАМДЫ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

СПИРТ ҚОСЫЛҒАН ТАҒАМДЫ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

Мақалалар, Пәтуалар
Қазіргі таңда көптеген дәрілерге, иіссуларға, азық-түлік құрамына т.с.с. өнімдерге белгілі бір мөлшерде спирт қосылады. Спиртті қосудағы мақсат – құрамындағы кейбір заттарды еріту және ұзақ мерзімге сақтау.  Имам Ағзам Әбу Ханифа (Алла ол кісіге рақым етсін) мәзһабында жүзім мен құрмадан өндірілген шарап – нәжіс әрі харам. Техникалық, медициналық спирттер адамды мас ету тұрғысынан харам саналғанымен, синтетикалық және ферментациялық жолмен алынғандықтан, нәжіске жатпайды. Спирттің қандай да бір түрі тағамға қоспа ретінде қосылса, алайда құрамы өзгермесе, шариғи тұрғыдан ондай тағамды тұтынуға рұқсат етілмейді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мас ететін ішімдіктің азы да, көбі де – харам» (Тирмизи) деген.ҮКІМ: Тағамдық қоспа ретінде қо
ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Мақалалар, Пәтуалар
Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден өткеннен кейін өзіне де, артындағы отбасына да өте қиын жағдай тудыратыны анық. Қайтыс болған адамнан Алла Тағала өз хақын (қарызын) ғапу етуі мүмкін, бірақ біреуден алған қарызды Алла кешірмейді. Оны тек сол қарыз иесі ғана кеше алады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Борышы төленгенге дейін мүміннің жаны оның қарызына байланысты», – деген.   (Ахмад, Тирмизи). Яғни, мойындағы қарызды өтемеген адамның өлгеннен кейінгі хәлі қалай болатыны белгісіз. Тіпті, мәйіт шейіт (шаһид) болса да, берешегі себебінен өз дәрежесіне жете алмай тұрады. Оның қарызы өтелгеннен кейін ғана оған шейіттік дәрежесі беріледі. Сондықтан қайтыс болған адамның жаназасы
ИМПЛАНТАЦИЯ САЛДЫРУҒА БОЛА МА?

ИМПЛАНТАЦИЯ САЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Мақалалар, Пәтуалар, Сұрақ-жауап
Деннің саулығы тіске байланысты. Себебі, тіс бала мен ересек адамның денсаулығына, бүкіл бет-әлпетіне, көңіл-күйіне және мінез-құлқына әсер етеді. Тіс біз үшін үлкен мәнге ие. Өйткені тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тісі жоқ адамның сөзі де дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Бүгінгі медицина ауру тісті емдеу, тістегі қуысқа пломба қою, тіпті жасанды тіс орнату арқылы адамның 32 тісін орнында сақтап қалуға тырысуда. Соның бірі – имплантация. Ол протез секілді алынып-салынбалы зат емес. Имплантация – науқас үшін күрделі емес және қатты ауыртпайтын хирургиялық іс-шара. Яғни, тіс тамырының функциясын өзіне алу үшін, тіс имплантаты жақ сүйегінің үстіне қысқа ота жасау арқылы қондырылады. Содан кейін оған сенімді әр
Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Ораза, Пәтуалар
Сұрақ: Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді? Жауап: Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[1], – дей отырып, Алла қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр. Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал [2].[1] "Бақара" сүресі, 185-аят[2] Бахрур Раиқ – 2/499-бет
Намаз оқымаған адамның ораза ұстауына бола ма?

Намаз оқымаған адамның ораза ұстауына бола ма?

Ораза, Пәтуалар
Сұрақ: Намаз оқымаған адамның ораза ұстауына бола ма? Жауап: Ораза – жеке-дара құлшылық. Намаз оқымаған адам да ұстай алады. Ораза – Ұлы Жаратқанға жақындаудың бір түрі. Мұны болмайды деп тыю дұрыс емес. Намаз оқымайтын кісі ораза арқылы дінге бір табан жақындап, келер жылдары намазға жығылуы әбден мүмкін. Ораза ұстаған кісіге «Оразаң қабыл болсын!» деп демеу беріп, мұсылманшылыққа даналықпен шақыру – саналы әрбір мұсылманның міндеті.
Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?

Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?

Ораза, Пәтуалар, Сұрақ-жауап
Сұрақ: Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді? Жауап: Оразаның күндізінде (сәресінің уақыты өтіп кеткен соң) етеккірі тоқтаған әйел сол күні ауыз бекітпейді. Ауыз бекітетін болса, ораза тұтқан болып есептелмейді. Рамазаннан кейін сол күнді де, алдыңғы тұтпаған күндерімен қосып қазасын өтейді. Сәресіге дейін хайызы тоқтаса, оразаға ниет етіп ауызын бекітеді [1].   [1] Бадаиғ – 2/597 бет.
РАМАЗАНДА ТІС ҚАНАСА ОРАЗА БҰЗЫЛАДЫ МА?

РАМАЗАНДА ТІС ҚАНАСА ОРАЗА БҰЗЫЛАДЫ МА?

Ораза, Пәтуалар, Сұрақ-жауап
Тістен қан кеткен жағдайда оның көп не аз мөлшерде аққанына қараймыз. Көп мөлшерде аққан болса оны жұтуға болмайды, әрі оразаны бұзады. Кейін, сол күннің қазасын өтейді. Ал аз мөлшерде шыққан болса оразаны бұзбайды. Қанның аз не көптігін түкірікпен салыстыра отырып анықталады. Егер, түкіріктің көп бөлігі қан болса, «көп қан» үкімінде. Ал, жарымынан аз болса «аз қан» үкімінде болады. Осыған орай Имам Хаскафи Дуррул мухтар кітабында: «Егер тістің арасынан қан шығып тамаққа барса, бірақ ішке кетпесе ораза бұзылмайды. Ал егер ішке кетсе, қанның мөлшері көп немесе түкірікпен теңдессе бұзылады. Ал, егер аз болса бұзылмайды» - деген. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=963
ЖҮКТІ ЖӘНЕ ЕМІЗУЛІ БАЛАСЫ БАР ӘЙЕЛДЕР ОРАЗА ҰСТАЙДЫ МА?

ЖҮКТІ ЖӘНЕ ЕМІЗУЛІ БАЛАСЫ БАР ӘЙЕЛДЕР ОРАЗА ҰСТАЙДЫ МА?

Ораза, Пәтуалар, Сұрақ-жауап
Аяғы ауыр әйелдер мен емізулі баласы бар аналар денсаулығы жарап, ораза ұстауға шамалары жетсе, ауыз бекітеді. Алайда өзіне не сәбиіне зиян келетін болса, ораза ұстамауына шариғат рұқсат еткен.   Жалпы қандай да бір аурумен сырқаттанғандар (кейіннен жазылған жағдайда), сапарда жүргендер (сапардан оралғанда), хайыз, нифас секілді үзірлі жағдайдағы әйелдер (мерзімі біткеннен кейін), жүкті және бала емізетін әйелдер (емізулі кезеңнен шыққанда) оразаларының қазасын өтейді.   Құранда Алла Тағала: «Оразаның күні санаулы. Сендерден біреу ауру болып немесе жолаушы болып жүріп (ораза ұстамаса), кейін сол күннің орнын толтырсын. Ораза ұстауға дәрменсіздер (кәрілер яки әлсіздер) күніне жоқшылықтағы бір адам тоятындай підия берсін. Кімде-кім (көрсетілгеннен) артық берсе тіпті жақсы. Білс
Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?

Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?

Ғибратнама, ҚМДБ, Пәтуалар
Сұрақ: Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма? Жауап: Ұлы жаратушы барлық ұлттардың тілімен қоса іштегі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын арабша айту шарт емес, әр ұлт өз тілінде айтса да болады. 
Із-түссіз кеткен адамның үкімі

Із-түссіз кеткен адамның үкімі

Пәтуалар
بــــسم الله الرّحـمن الرّحـيم Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. الحمد لله ربّ العالـمين و الصّلاة و السّلام على خير خلقه مـحمّدٍ و آله و أصحابه أجـمعين Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Шариғат бойынша, із-түссіз кеткен деп ешбір жерде тіркелмеген, тірісі де, өлісі де белгісіз, артынан арнаулы іздестіру іс-шаралары жүргізілген адамға айтылады[1]. Іс-түссіз жоғалған адамның қайтыс болғандығы нақты анықталмайынша тірі саналып, оның мүддесіне зиян келтіретін төмендегі жағдайлардың құқықтық күші сақталады: некесі бұзылмайды; мал-дүниесі мирасқорлары арасында бөлінбейді; оған қатысты келісімшарттардың күші жойылмайды және т.б. Ал өзгенің мүддес