Видео жаңалықтар

БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ ЖҰМА НАСИХАТЫН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЙТТЫ (ВИДЕО)

БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ ЖҰМА НАСИХАТЫН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЙТТЫ (ВИДЕО)

Видео жаңалықтар, Жаңалықтар, ҚМДБ, Рус
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әр жұма сайын HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан жұма насихатын айтып келеді. Бүгінгі жұма насихатында Бас мүфти «Мұсылманның ісі – Аллаға тәуекел ету» тақырыбында әсерлі әңгіме өрбітті.Тәуекел деген не? Оны қалай түсінеміз? Тәуекелдің түрлері қандай? Бас мүфти уағызында осы сұрақтар төңірегінде тұщымды насихат айтты.«Адам баласы жасап жатқан ісінің нәтижесі қандай боларын білмейді. Сол себепті пенде әрбір ісін құдыреті күшті Алла Тағалаға тапсырып, тәуекел етеді. Тәуекел Аллаға деген кәміл иманмен байланысты. Иманы кәміл болмаған жан шынайы тәуекел жасай алмайды» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.Сөз соңында Бас мүфти ел мұсылмандарын истиғфар мен салауат айтуға шақырып, Алла Тағаладан еліміздің есендігі, жұртымыздың амандығын
Ассаламуғалайкум құрметті Жамағат! 🔴 Алла разылығы үшін, асыл дініміз Исламның мүдесі үшін «ШЫМКЕНТ ИМАМДАРЫ» ютуб парақшасына тіркелулеріңізді өтінеміз!  Ардақты Пайғамбарымыз Мухаммад Мустофа ﷺ:  мүбарак өсиетінде: «Дін насихат»деді.  Асыл дініміз насихатталу үшін жамағат керек. Ал сіз дінімізге сүбелі үлесін қосар, аманат діннің жанашыры болыңыз!

Ассаламуғалайкум құрметті Жамағат! 🔴 Алла разылығы үшін, асыл дініміз Исламның мүдесі үшін «ШЫМКЕНТ ИМАМДАРЫ» ютуб парақшасына тіркелулеріңізді өтінеміз! Ардақты Пайғамбарымыз Мухаммад Мустофа ﷺ: мүбарак өсиетінде: «Дін насихат»деді. Асыл дініміз насихатталу үшін жамағат керек. Ал сіз дінімізге сүбелі үлесін қосар, аманат діннің жанашыры болыңыз!

Видео жаңалықтар, Рус
https://youtu.be/OvHgaV7yM6M
Ораза 6 — мамырда басталады, Ораза 2019

Ораза 6 — мамырда басталады, Ораза 2019

Видео, Видео жаңалықтар, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ораза айының күндері мен зекет мөлшерін белгіледі. Осы мақсатта Шымкенттегі барлық мешіттің имамадары орталық мешітті бас қосып қасиетті айда атқарылар шаруаларды пысықтады. Тақырыпты тілші тарқатады. https://youtu.be/Un5LJqvxqE0 Исі мұсылман асыға күтетін қасиетті айға санаулы күн қалды. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы еліміздегі  қалалардың  Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін жариялады. 2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6-мамыр күні басталып, 4-маусымда аяқталады. 
Имамдар жемқорлыққа қарсы (видео)

Имамдар жемқорлыққа қарсы (видео)

Видео, Видео жаңалықтар, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Имамдар жемқорлыққа қарсы. Енді қала мешіттерде жиналған жамағатқа дін өкілдері жемқорлықтың харам екендігін уағыздайтын болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті қызметкерлері қаламыздағы өкілдері имамдармен бас біріктірді. Агенттік қоғамға қауіпті сыбайластық дертінің алдын-алу жолдарын қарастырды. https://youtu.be/DAAKJVjohMs Еліміздегі алып шаһар Шымкентте  100- ден аса мешіт бар. Қазағы басым қалада  Алла үйінің үйінің  өзге аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондықтан болар департамент өкілдері әр жұма сайын жүз мыңдаған жамағатпен жүздесетін имамдарға сыбайластықтың салқыны жайында уағыз айтуға қолқа салып отыр.
«Жастар және руханият». Шымкентте аймақтық форум болып өтті

«Жастар және руханият». Шымкентте аймақтық форум болып өтті

Видео, Видео жаңалықтар, Жаңалықтар, Іс-шаралар, Рус
«Жастар және руханият». Шымкенттегі аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде аймақтық форум болып өтті. Жастардың діни сауатын арттыруға бағытталған шараға еліміздің әр қиырынан дін саласының мамандары қатысып, тағылым түйер пікірлерімен бөлісті. Діни экстремизмге қарсы күрес мәселесі Елбасы мақаласында да айтылды. «Ұлттық сипат пен сананы жаңғыртуды бағдар етіп, дін мен дәстүрдің құндылығын насихаттауымыз керек»,- деген еді, Нұрсұлтан Назарбаев. Ал, бүгінгі шара бабалардың асыл сөзін сапалы түрде санаға сіңіріп, діни сауаттылықты арттыруға арналды. https://youtu.be/dgONTiOjEQc
Елбасы Астанадағы жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты (фото+видео)

Елбасы Астанадағы жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты (фото+видео)

Видео, Видео жаңалықтар, Жаңалықтар, Рус
Мемлекет басшысы елорданың Есіл ауданында бой көтеретін жаңа мешіттің іргетасын қалады деп хабарлайды Akorda.Kz – Бұл жерде сәулетті әрі бірегей мешіт салынады. Бүкіл Орталық Азияда бұған тең келер мешіт бола қоймас, – деді жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстан Президенті жаңа мешіт барша мұсылман қауымының мақтанышына айналатынына және Астананың көрікті жерлерінің бірі болатынына сенім білдірді.– Бұл жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсалмайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қор құрылды. Оған басқа азаматтарымыздың да қаржылай атсалысуына болады. Тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, бүгінде осындай игілікті іске қол ұшын беріп жатқан барлық кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін, – деді Мемле