
Сәлемдесу – сыпайылықпен ізгіліктің белгісі
Сыпайылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік қасиеттері - шынайы мұсылманға тән көркем сипаттар. Адам бойындағы мінез-құлықтар оның түр-келбеті мен іс-әрекетінен, сөйлеген сөздерінен айқын аңғарылып тұрады. Алғаш кездескен кездегі сәлемдесуден немесе берген сәлемге қайтарған жауаптардан-ақ, қарсыңдағы адамның әдеп-ахлағы мен адамгершілік дәрежесінің қай деңгейде екендігін байқауға болады. Алғашқы жолығуда-ақ жылы шырай танытып, бірінші болып сәлем беру немесе берілген сәлемге жылы жүзбен күлімсірей жауап қайтару - сыпайылықтың, жоғары мәдениеттіліктің, ізгіліктің жарқын көрінісі. (далее…)