Мақалалар

Өлім — пенде үшін үлкен ғибрат

Өлім — пенде үшін үлкен ғибрат

Мақалалар
Өлімді еске алу арқылы пенде өз болмысының ақиқаты мен дүниенің пәнилігін жете түсінеді, жүрегі жұмсарады. Күнделікті күйбең һәм күйкі тіршіліктің әсерінен тотығып, тат басып, ұмыт болған, сананың терең түкпірінде тығылып жатқан әу бастағы фитраттық – жаратылыстық сезім оянып, Алла Тағалаға тәубе қылуына себеп болады. Осындай тағылымдық-тәрбиелік мәніне байланысты өлім жайында Құран Кәрімде көп үгіт бар. Ондағы аяттар кәпір және күнәһарлардың ажал келгеннен азапқа тап болатынын ескертіп қорқытса, ажалға дайындық жасап шариғат шарты бойынша өздеріне бұйырылған іс-амалдарын толық орындап жүрген мүмін пенделерді қуанышты хабармен сүйіншілейді. Сондай-ақ, ажал туралы ескертуші аяттар да жеткілікті. Алла Тағала былай дейді: ﴿كُلُّ نَفْسٍ ذَآئِقَةُ الْمَوْتِ﴾ «Әрбір жан өлімні
Пайғамбарға (с.а.с.) құрмет

Пайғамбарға (с.а.с.) құрмет

Ғибратнама, Мақалалар
Ұлтымыз Ұлы Пайғамбарды (с.а.с.) өз дәрежесінде құрметтеп, қастерлей білді. Сүннетіне амал етіп, өсиеттерімен өмір сүрді. Халық арасында Пайғамбардың (с.а.с.) өмірбаяны, сипаты, қадір-қасиеті жайлы әңгімелер мен қиссалар, жалпы мәліметтер көп болды. Сондықтан қазақ арасында  Алла Елшісіне (с.а.с.), әулетіне, туыстары мен сахабаларына қатысты адам аттары көп кездеседі. Мысалы, Әмина, Абдулла, Ахмет, Мұстафа, Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли, Хадиша, Айша, Зейнеп, Фатима, Күлсім, Ұрқия, Асан, Үсен, Сәдуақас, Сыддық, Әбутәліп, Әшім, Қосай, Әбдімүтәліп, Әбдіманап, Манап, Назар, Әбдірасул, Әбдінәби сияқты адам аттары көп кездеседі. Сонымен қатар, адамзат ардақтысының (с.а.с.) өзінің есімі ерекше көп кездескен. Бір қарағанда мұндай  пікір қисынсыз болып көрінуі ықтимал. Алайда, тереңіре
Құдайдан қорықпағаннан қорық

Құдайдан қорықпағаннан қорық

Ғибратнама, Мақалалар
Қазақ халқы Жаратқан Иеден жасқануды, әміріне бойсұнып, тыйымынан тыйылуды жете түсінген һәм жүзеге асырған жұрт. Ел аузында сақталған сөздерден санаға сіңісті болған тура танымды танимыз. «Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Киімі жаманды ит қабады, пейілі жаманды Құдай табады», «Қорық Құдайдан, қайт райдан». Осы сияқты мақал-мәтелдер қазақ халқының Алла Тағаланы лайықты ұлықтағандығын дәлелдейді. Халқымыз жаман іске бой үйреткен, тура жолдан тайып, азғындаған жанды көргенде «Құдайдан қорықсаң, нетті» деп тезге салып, тежеген. Бұл сенімнің түп-негізі Құран Кәрім мен хадистерде жатыр. Раббы Тағала білімнің көзі Жаратқаннан қорқу екендігін баяндаған. قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿وَاتَّقُوا اللَّهَ وَيُعَلِّمُكُمُ اللَّهُ﴾ Алла Тағала былай дейді: «..Әрі Алладан қорқыңдар, сонда Алла се