Мақалалар

ТӘУЕКЕЛСІЗ, ТАЛАПСЫЗ МАЛ ТАБЫЛМАС

ТӘУЕКЕЛСІЗ, ТАЛАПСЫЗ МАЛ ТАБЫЛМАС

Мақалалар
Ислам діні адамзат баласын екі дүниенің бақытына жетелейтін ізгі қасиеттерге үндейді. Соның бірі – адал еңбек ету. Еңбек ету арқылы кез келген жан өзінің көздеген мақсатына, асқақ армандарына қол жеткізеді. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, қайсыбіріңнің болмасын бір құшақ отын шауып, оны өзі арқалап, сатып күн көруі – беруі де, бермеуі де мүмкін әлдебіреуден қол жайып қайыр-садақа тілегеннен әлдеқайда қайырлы»,[1] – деп адал еңбек етуге бұйырған. Халқымыздың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің бір өлеңінде: Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған – өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған, – деп, адал еңбектің маңыздылығына тоқталады.  Ал, қазақтың баты
АСПАННЫҢ ДА «ЕСІКТЕРІ» БАР

АСПАННЫҢ ДА «ЕСІКТЕРІ» БАР

Мақалалар
Бүкіл ғаламда таңғаларлық тәртіп пен үйлесімділік бар. Бұл кемелдік ғаламның басынан бері ешқашан бұзылмаған. Құран Кәрімде аспан әлеміне жындар мен адамдар кірулеріне белгілі тосқауыл-бөгеттер бар екені айтылған. Яғни аспан әлемі біз көріп тұрғандай ашық кеңістік емес, оның арнайы өзінің кіретін есіктері болатындығы Құран Кәрімде былай баяндалған: «Егер оларға (періштелерге) көктен бір есік ашатын болсақ, олар дереу жоғары шыққанын көрер едің. Сонда олар (Құрайш тайпасы): «Расында, көзіміз байланды. Бәлкім біз сиқырланғанбыз» деседі» («Хижр» сүресі, 14-аят) және  «Сүр үрілген күні (қиямет күні) топ-топ болып келесіңдер. Сонда көктер сетінеп есіктер пайда болады» («Нәбә» сүресі, 19-аят). Демек біз көріп жүрген аспан соншалықты ашық емес. Ондағы есіктердің барлығы Алланың қалауымен
ЕҢБЕКТІҢ НАНЫ – АДАЛ

ЕҢБЕКТІҢ НАНЫ – АДАЛ

Мақалалар
Тапқаның адал болса... Халал – бұл денсаулық, дұрыс тамақтану, экологиялық таза өнім, жоғарғы сапа, сенім, адал еңбекпен келген ризық. Көпшіліктің түсінігінде халал – тек азық-түлікке қатысты діни концепция ретінде қалыптасқан. Шын мәнінде, халал – ең алдымен адал ризық табудан басталады. Кімде-кім бала-шағасын, отбасын адал жолмен ризықтандыруды қаласа, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құлшылық он бөліктен, ол он бөліктің тоғызы халал ризық-несібе табудан тұрады» деген хадисіне сай амал еткені жөн. Адал еңбектің нәтижесі – адал ас табу, ішіп-жейтін нәрселердің діни тұрғыдан халал, таза болуы. Бұл жөнінде қазақтың ұлы ойшылы Абай да: Адамзат тірілікті дәулет білмек, Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп, Не
ҚИЫНДЫҚТА ҚУАНУ

ҚИЫНДЫҚТА ҚУАНУ

Мақалалар
Пенде болған соң өмірде әртүрлі жағдайға тап боламыз. Қуанышы мен қайғысы алма кезек келетін өмірде адам жанын жадыратар жағымды жаңалыққа қуану – барша адамға тән мінез. Ал сынаққа тап болған сәтте оны күлімдеп қарсы алу – әр адамның бойынан табыла бермейтін сипат. Осы ретте біз тағдырымызға қаншалықты ризамыз деген сауал туындайды...  Ислам ғалымдары разылық сөзіне мынадай түсініктеме берген: «Разылық  дегеніміз – тағдырдың тауқыметіне жүректің қуануы, қиын сәттерді күлімдеп қарсы алуың». Осы ұғымды дүниеге қатысты айтар болсақ, бұйырған табысқа да, бұйырмаған ақшаға да риза болу – мүміннің нағыз сипаты. Яғни жүрек екі жағдайды да дұрыс қабылдай алса, онда адам жаны тыныштық табады. Әдетте біз табысқа кенелген сәтте ерекше сезімге бөленеміз, ал бұйырмай қалған дүние үшін ма
САФАР АЙЫНЫҢ СЫРЫ

САФАР АЙЫНЫҢ СЫРЫ

Мақалалар
Сафар айы – мұсылман күнтізбесінде жылдың екінші айы саналады. Халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері бойынша, биыл 18 қыркүйек сафар айының бірінші күні деп белгіленді. Исламға дейінгі жәһилият (надандық) дәуірінде араб халқы сафар айын жамандыққа ырымдайтын. Олар «сафар айында үйленуге, неке қиюға, той жасауға, алыс жолға шығуға болмайды» дейтін. Сондай-ақ, олар «сафар айы – қасиетсіз ай, осы айда жер бетіне түрлі жаман жаратылыстар таралып, олардың адамдарға зияны тиеді» деп ойлайтын. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жұқпалы ауру жоқ, құспен пал ашу жоқ, байқұс жоқ және сафар (айында ешқандай ырым) жоқ», – деген (Бұхари). Ислам діні барлық қате сенімдер қатарында осы секілді жаңсақ, қате наным-сенімдерді де жоққа шығарды. Бар
КӘРІСТЕР НЕГЕ «МЕККЕ» СӨЗІН ЖИІ ҚОЛДАНАДЫ?

КӘРІСТЕР НЕГЕ «МЕККЕ» СӨЗІН ЖИІ ҚОЛДАНАДЫ?

Мақалалар
Қазір әлемде Ислам дініне қызығушылық артып келеді. Соның ішінде Оңтүстік Кореяның Исламға деген ықыласы бөлек. Кәрістердің дәстүрлі діни нанымы Будда және Конфуций ілімдерімен тығыз байланысты. Дегенмен олар XV ғасырда Ислам дінімен алғаш рет танысқан еді. Ол уақытта Ислам діні бұл елде дами алмады. Кейін 50-жылдардағы Корея соғысы кезінде Корей түбегіне Ислам діні қайта кірді. Ол кезде дінді БҰҰ-ның әскері құрамында болған мұсылман түріктер жеткізді. Түріктердің ықпалымен Ислам діні Корей түбегіне таныла бастады. Көпшіліктің қолдауымен мешіт пен шағын діни орталық ашылды. Кореядағы мұсылман халықтарының басын қосатын мұсылман қауымдастығы белсенді жұмыс істей бастады. Айт секілді мұсылман мейрамдары үзбей мерекеленді. Кейінгі уақытта Оңтүстік Кореяның мерзімді басылымдары мен ғылы
САПАР АЙЫ ТУРАЛЫ

САПАР АЙЫ ТУРАЛЫ

Ғибратнама, Мақалалар
Мұсылманша жыл санауы «қамари» ай күнтізбесі бойынша айлардың екінші айы Сафар айы болып келеді.. “Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:          1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;          2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған. Қазіргі таңда ел арасында: «Осы сапар айында үйленуге, неке қиюға және той жасауға, ұзақ жолға шығуға болмайды» деушілер де кездеседі. Мұндай түсінік сонау ертеректе Ислам діні келмей тұрып арабтарда болған ырым. Оларда сапар айы – бақытсыздық айы, сорлы бір ай деп қабылдаған. Сондықтан, бұл айда үйленсе яки бір істі бастаса ол іс
Құранда бала тәрбиесі

Құранда бала тәрбиесі

Мақалалар
Құрметті жамағат! Ислам діні адамның дүниелік һәм ақыреттік мүдделерін толық қорғайды. Оның ішінде жасөспірім кездегі хұқықтарына ерекше мән береді. Шариғатта ата-ананың балаларының алдындағы және балалардың ата-аналары алдындағы міндеттері бар. Баланың жастайынан дұрыс тәлім-тәрбие алуына дініміз ерекше маңыз береді. Себебі, бүгінгі жас елдің ертеңгі болашағы, үкілеген үміті.      Тәрбие басы – имандылықПарасатты, ізгі тәрбие және тәрбиенің кемелдігі неден басталмақ? Бұл ең әуелі баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, еңбекқор, кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңіруі. Есейгенде қоғамға пайдалы азамат болуы демек – жас кезінен анаша, есірткі, сыра, арақ, темекі, зинақорлық секілді теріс қылықтарға үйір болмауы, ешкімн
Сахабалар өмірбаяны: Әли ибн Әбу Тәліп

Сахабалар өмірбаяны: Әли ибн Әбу Тәліп

Ғибратнама, Мақалалар
Негізгі аты - Әли ибн Әбу Тәліп ибн Әбдүл-Мүттәліп ибн Хишам ибн Әбди Манап ибн Құсайи ибн Киләб ибн Мүррә ибн Кағб Лүей әл-Құрайыши әл-Хашими. Ол - хижрадан жиырма жыл бұрын дүниеге келген, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ағасы Әбу Тәліптің шаңырағындағы кенже ұл. Хазіреті Әли төрт ұл мен тоғыз қыздың әкесі. Бұлардың арасындағы Пайғамбарымыздың "олар менің дүниеде иіскеп сүйген екі райханым" деген ұлдары Хасан мен Хұсейн, қыздары Зейнеп пен Үммүгүлсім Алла Елшісінің (с.а.у.) қызы Фатима анамыздың құрсағынан шыққан. Фатима анамыздың көзі тірісінде ол екінші рет үйленбеген. Мүминдердің әміршісі, Жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) күйеу баласы, Алланың арыстаны, ғылым қаласының қақпасы ретінде танылған төртінші халифаның ғұмыры дастанға толы. Оның шыншылды
Шын мұқтаждың жағдайы

Шын мұқтаждың жағдайы

Ғибратнама, Мақалалар
Нәби есімді  кедейдің жүйрік тұлпары бар еді. Бір бай: «Осы атыңды маған сат» деп қомақты қаржы ұсынса да, ол бас тартады. Ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Нәби жолаушылап келе жатқанда,  бай қайыршының киімін киіп,  оның алдынан шығады. «Қайыршы»  қыр астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтып көмектесуін өтінеді.   Ойында ештеңе жоқ  Нәби: «апарып тастайын» дегенде бай: «Шырағым, аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, қозғала алар емеспін» - дейді.  Айласын асырған бай атқа отыра қамшыны басады. Істің мәнісін енді түсінген Нәби: «Байеке, тоқтай тұрыңызшы, айтатұғын бір сөзім бар» - депті. Бай бұл пақыр не дер екен деп, атын іркіп: «Ал, бейбақ, не дейсің, айт айтарыңды» - дейді зекіріп.  Нәби сонда: «Мұны  ешкімге ай