
Тіл мен жүрек
Лұқпан хакім Алланың әулие құлдарының бірі болумен қатар әдеппен сөйлейтін,
парасат-пайымы жоғары кісі болған. Тіпті Құранда да оның мадақталған тұсы
кездеседі. Дәуіт пайғамбардың тұсында өмір сүрген ол қара нәсілді құл болған
екен. Алайда әдемі сөздерімен, ерекше білімдарлығымен басқалардан оқ бойы озық
тұрған.
Осыны аңғарған біреу
оған бір жолы:
- Мал баққан қойшы болсаң да, ел осы неліктен сенің сөзіңе
құмар? - деп сұрағанда, ол:
- Өйткені мен көзімді харамға жұмдым, тым еркіне жібермей
тілімді тістедім, аз тамақтандым, уәдемде тұрдым, маған қатысы жоқ нәрселерге
көңіл аудармадым, - деп жауап берген екен.
Лұқпанның қожайыны
бір қой сойып, соның ең жақсы жерінен кесіп әкелуін тапсырғанда, ол ойланып
жатпастан сойған қойының тілі мен жүрегін кесіп әкелген екен