Фотогалерея

«Исамиддин баба» мешітінде Құран жарысы өтті (фото)

«Исамиддин баба» мешітінде Құран жарысы өтті (фото)

Әйел-қыздар секторы, ДСАК, Жаңалықтар, Іс-шаралар, Фотогалерея
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Исамиддин баба» мешітіндегі әйелдер жамағатына арналған діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран жарысы өтті. Сайыс алдында "Исамиддин баба" мешітінің бас имамы Якияев Иса қасиетті Құран кәрімді оқудың артықшылығы жайлы бірер сөз қозғап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мешіттің шәкірттері арасында өткен бұл сайыста жас ерекшеліктері мен қабілет-қарымы әртүрлі 37 шәкірт бақ сынады. Ең жасы үлкен шәкіртіміз – сексенді сеңгірлеген Ханзада апамыз болса, ең жасы кіші шәкірт – 9 жастағы Фатима қызымыз. Аталмыш жарыс үш деңгейде, атап айтсақ, құранның соңғы жарты бөлігін жатқа айту мен мәнерлеп оқу, "аср" мен "нәс" сүрелерінің аралығын мәнерлеп оқу бойынша өтті. Сайыста «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары - 
Ережеп айының келуіне орай тазалық шарасы ұйымдастырылды (фото)

Ережеп айының келуіне орай тазалық шарасы ұйымдастырылды (фото)

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Іс-шаралар, Фотогалерея
Шымкент. 2 наурыз. SHARIGAT.KZ - Қасиетті Ережеп (Ражаб) айының келуіне орай, Шымкент қаласына қарасты барлық мешіттерде «Тазалық - мүміннің айнасы» акциясы ұйымдастырылды. Бақара сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды. Пайғамбарымыз (с.а.с) адамдар жүретiн жолдың үс­тiне, тынығатын көлеңкелерде, әсiресе жемiстi ағаштардың түбiнде дәрет сындыруға болмайтындығы жөнiнде сахабаларға: «Екi түрлi қарғыс арқа­лау­дан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Әй, Алланың елшiсi! Екi қарғысты арқалаушы дегенiңiз кiм?» – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретiн жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы» деген. (Мүслим риуаяты). Айтулы шараға  мешіт діни қызметкерлері,  Жастар, Халал, Зекет қорын
«Мәңгілік елдің Елордасы» тақырыбында конференция өтті (фото)

«Мәңгілік елдің Елордасы» тақырыбында конференция өтті (фото)

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Фотогалерея
Бүгін Түркістан облысы Білім басқармасы әдістемелік орталығының бастамасымен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Шымкент медресе-колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының қатысуымен, Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» тақырыбында IV облыстық ғылыми - тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Түркістан облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығының қызметкерлері, ТжКБ мекемелерінің әдіскерлері, оқытушылары, педагог-психологтар қатысқан конференцияның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының ғылыми ойларын дамыту және қолдау көрсету, түрлі салалар іс-әрекетінде пікір алмасу, шығармашылық бастамалары мен ғылыми-
Төрт тілде мәуліт оқылған кеште А.Қуанышбаев уағыз айтты (фото)

Төрт тілде мәуліт оқылған кеште А.Қуанышбаев уағыз айтты (фото)

Жаңалықтар, Фотогалерея
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен облыстық “Қазақстан халқы Ассамблеясы” ғимаратында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесіне орай “Біз сені бүкіл әлемге тек мейірімділік жаршысы етіп қана жібердік” атты рухани кеші өтті. Рухани кешке қала басшылығының өкілдері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, облыс, қала, аудан мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары, барлығы 750-ден аса көрермен қатысты. Салтанатты шара Құран Кәрімді тіләуат етумен басталды. Кеш барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев сөз сөйлеп, мерекелік құттықтауын арнады. Рухани кешті елімізен
Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасындағы достық нығаюда (фото)

Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасындағы достық нығаюда (фото)

Жаңалықтар, Фотогалерея
Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында достық нығайып келеді. Түркістан облысы, Сарыағаш, Келес аудандарына арнайы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласынан  тәжірибе алмасу мақсатында бір топ имамдар келді. Әуелі аудан әкімшілігінде Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары С.Тасқұловтың арнайы қабылдауында болды. Жиынға Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді қатысып, келген қонақтарға сапарларына  сәттілік тіледі. Үш күндік сапар жалғасында «Сарыағаш» медресе-коледжнің тыныс тіршілігімен танысты. Медресенің директоры Абдуғаппар Смановтың қабылдауында болды. Медресе шәкірттеріне тыныштық ұлы нығмет оны қадірлей білу керектігін, білім алудың артықшылығы туралы уағыз айтты. Сарыағаш, Келес аудандарындағы мешіттерде асыр,
«ҚҰРАН МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» атты Құран жарыс болып өтті (фото)

«ҚҰРАН МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» атты Құран жарыс болып өтті (фото)

Жаңалықтар, Іс-шаралар, Фотогалерея
ҚМДБ-ның Шымкет қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Имам Ағзам мешітінде Пайғамбарымыздың (с.а.у) туылған айының құрметіне "ҚҰРАН МӘҢГІ МҰҒЖИЗА " атты Құран жарыс болып өтті. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Құран жарысын ашып, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздар мен қатысушы шәкірттерге алғысын айтып, сәттілік тіледі. Жарысқа төрелік жасағандар: орталық мешіттің ұстазы Осман Өзташ, өкіл имамның орынбасары Сәрсенбаев Мейірбек қари, Шымкент медресе колледжінің ұстазы Қалқыманұлы Біләл қари. Жалпы жарысқа 50 шәкірт қатысты. Бірінші орынды Нарынбай ата мешітінен Мирсадыков Мирикрам, екінші орынды Сайрам жәми мешітінен Артукбаев Шухрат, үшінші орынды Айқап мешітінен Мамыт Әділет еншіледі. Жарыстан кейін қатысушыларм
ШЫМКЕНТ: Имамдар арасында Құран жарысы  ұйымдастырылды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: Имамдар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды (ФОТО)

Жаңалықтар, Фотогалерея
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күні мерекесіне орайластырлып марқұм Әшірбай қажы Орашұлының құрметіне имамдар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықыласхан Майлан, «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстазы Бақытжан Жүсіпов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы Камилжан Садықов, «Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы Ғалымжан Оққасов, Орталық мешіттің ұстаздары Осман Өзташ, Мейірбек Сәрсенбаевтар төрелік етті. Жарыс үш аталым бойынша жүргізі