Пітір садақа
С: Пітір садақасының үкімі қандай? Ж: Пітір садақасы баспанасы, жиһаздары, көлігі, құралдары мен киер киімінен бөлек артық мал-мүлкі бар кез келген азат мұсылманға уәжіп. С: Пітір садақасын кімдердің атынан шығарады? Ж: Өзінің, жас балаларының, кәпір болса да қызметші құлдарының атынан шығарады. С: Жас баласының өзіне тиесілі мал-мүлкі болса әкесі оның пітір садақасын сол мүлкінен шығара ма, әлде өзінің малынан шығара ма? Ж: Баланың мал-мүлкі болса содан шығарады. Ал, болмаса әкесі өзінің малынан шығарады. С: Әйел мен балаларының атынан пітір садақасын беруге бола ма? Ж: Өзінің қол астында болса да әйелі мен үлкен балаларының атынан пітір садақасын шығармайды. Сондай-ақ, саудаға қойған құлдарының атынан да шығармайды. С: Екі адамның меншігі болған құлдың атынан пітір сада