Тазалық бабы

Истинжа

Тазалық бабы
С: Истинжаның үкімі қандай? Ж: Истинжа – сүннет іс. Ол – кесек, тас және осыларға ұқсас нәрселермен нәжіс шыққан жерді тазарту. Үш қайтара істеу абзал. Сумен жуып тазартқан дұрысырақ. Егер де денеден шыққан нәжіс шыққан жерінің көлемінен асып кетсе тас, кесек сияқты нәрселермен истинжа қылуға болмайды, мұндайда сумен жуу парыз. С: Истинжа етуге болмайтын нәрселер қандай? Ж: Оң қолмен, сүйекпен тезекпен, тамақпен, бағалы заттармен истинжа қылуға болмайды. С: Түзде не әжетханада қажетін өтеуге отырғанда құбылаға қарап немесе теріс қарап отыруға бола ма? Ж: Қай жерде болсын, құбылаға қарап не сыртын беріп дәрет сындыру мәкруһ. С: Қандай жерде дәрет сындыруға болмайды? Ж: Суға, көлеңкелі ағаштың астында, демалыс орындарында, жел жақтан, жәндіктердің індеріне. Сондай-ақ, кіші дәретт

Нәжістер және олардан тазару жолдары

Тазалық бабы
С:Нәжіс заттар мен олардың түрлері қандай?                                   Ж:Нәжіс екі түрлі болады: Ауыр және жеңіл. 1.     Ауыр нәжіске адам денесінен шығатын үлкен және кіші дәрет, мәни, мәзи, уәди сұйықтары, ірің, ауыз толы құсық, сондай-ақ хайыз, нифас, истихаза қандары, кішкене нәрестенің кіші дәреті, арақ, аққан қан, өліктің еті, тайы, терісі жатады. Сонымен бірге еті желінбейтін жануарлардың зәрі, түйенің, сиырдың тезегі, иттің нәжісі, тауық, қаз, үйректердің саңғырықтары да жатады. Сондай-ақ, жыртқыш аңдардың барлығы нәжіс, шошқаның барлық нәрсесі ауыр нәжіске жатады. 2.   &nbs

Үзірлі кісінің үкімі

Тазалық бабы
С:Қаны тоқтамай ағатын немесе жазылмайтын жарақаты бар, ия болмаса кіші дәреті не жел шығуы тоқтамайтын үзір иелерінің үкімі қандай?                                 Ж:Бұлар әрбір намазға дәрет алып, қалаған парыз, нәпіл намаздарын оқиды. Үзірге себеп болған нәрсе намаз уақыты шыққанша дәретін бұзбайды. Намаз уақыты бітсе, үзірлі дәреті бұзылады. С:Үзіріне себеп болған жай уақыттары дәретті бұзатын нәрселер орын алса дәреті бұзыла ма?                                  Ж:Әр

Хайыз, нифас және истихаза

Тазалық бабы
С: Хайыз деген не?                                   Ж:Алла Тағала Адам Атаның қыздарының жатырынан қан ағуын жазған. Барлық әйелдер ай сайын келіп отыратын қанды көреді. Осы қан хайыз не етеккір деп аталады. Хайыз көрмеген күндер тазалық болып саналады. С:  Шариғатта осы хайызға байланысты үкімдер бар ма?                                   Ж:  Иә. Бұл мәселе туралы фиқһ ілімінде арнайы үкімдер бар. С:  Хайызы келген әйелге байланысты қа

Мәсі мен таңғышқа мәсіх тарту

Тазалық бабы
С:Дәрет алғанда екі аяқты жууды басқа нәрсемен алмастыруға болады ма?                                Ж:Иә. Мәсіге мәсіх тарту мен алмастыруға болады. Бұл көптеген хадистермен дәлелденген.                                  С:Мәсіх тартудың шарты бар ма?                            Ж: Иә, оның шарты – мәсіні дәрет алып барып кию. С: Мәс

Тәйәммум

Тазалық бабы
С: Тәйәммум сөзінің анықтамасы қандай?                                Ж: Тәйәммумараб тілінде бағытталу, ниеттену деген мағынаны білдіреді. Шариғаттағы терминдік мағынасы: екі хадестен тазалану ниетімен су болмаған жағдайда топырақты немесе басқа жер жынысын пайдалану. Оның дәлелі мына аят: «Су таба алмасаңдар таза жерге тәйәммум соғыңдар: онымен жүздеріңді,қолдарыңды сүртіңдер» (Мәида сүресі, 6-аят). С:Дәреті жоқ кісіге қашан тәйәммум алуға болады?                             &

Қалдық су үкімдері

Тазалық бабы
С:Адам немесе жануарлардан қалған судың үкімі қандай?                               Ж:Кез келген адамның ішкеннен кейін қалдырған суы таза. Ер кісі не әйел, жүніп не етеккірлі, мұсылман не кәпір болсын, бәрібір. Сондай-ақ, еті желінетін жануарлардан қалған су таза. Иттің, шошқаның, жыртқыш аңдардың  қалдықтары лас, нәжіс болып есептеледі. Мысықтың, тауықтың, сұңқар, тұйғын сияқты жыртқыш құстардың қалдықтары мәкруһ. Сондай-ақ, үйде болуы мүмкін жылан, тышқан сияқты жәндіктердің қалдық суы мәкруһ.                        

Нәжіс түскен құдықты тазарту

Тазалық бабы
С: Құдықтың суымен дәрет алуға болатындығын білдік. Ал, құдыққа бір нәжіс зат түсіп кетсе оны тазартудың жолы қандай?                             Ж: Құдыққа лас заттар түсіп кетсе төмендегі жолдармен тазартылады: 1.     Егер құдыққа нәжіс зат түссе немесе оған адам, яки ит, не қой түсіп өлсе, бүкіл су шығарылып тазартылады.                                2.     Егер кептер, тауық, мысық немесе осыларға ұқсас нәрселер түсіп өлсе қырық шелек су шығарылуы міндетті

Судың ластануы

Тазалық бабы
С:  Суға бір нәрсе түссе ол ластана ма? Ж:Шындығында Алла Тағала суды таза әрі тазартушы етіп жаратқан. Алайда аз болсын көп болсын лас, нәжіс заттар түссе су таза үкімінен айрылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) суды таза сақтауды бұйырған.  «Тұйық суға дәрет сындырып, онымен жуынбаңдар», «Кімде-кім ұйқыдан тұрса, қолын үш рет жусын. Өйткені ол ұйықтап жатқанда қолдарымен не істегенін білмейді» деген хадистері соны дәлелдейді. Егер де суға нәжіс зат түссе, онымен дәрет алуға да, ғұсыл құйынуға да болмайды.  С: Нәжіс зат түскен хәуіз суының үкімі қандай? Ж:  Егер үлкенірек су қоймасының бір шетіне нәжіс зат түссе, екінші шетіне дәрет алуға болады. Өйткені нәжіс зат екінші жағына жете қоймайды.          &

Судың үкімдері

Тазалық бабы
С: Екі хадестен қандай сумен тазалануға болады? Ж: Екі хадестен аспаннан жауған жауын суымен, өзен-дария суымен, бұлақ суымен, сай-салада жиналған сумен, құдық суымен, ащы, тұщы теңіз-көл суымен тазалануға болады. Сондай-ақ, таза зат түскен, дәмі, түсі, иісі сияқты үш сипатының біреуі ғана бұзылған сумен тазалануға болады. Судың мұндай тобына топырақпен лайланған сел суын, сабын, зағыпаран сияқты таза заттар араласқан суды жатқызуға болады. С: Судың екі хадесті кетірмейтін түрлері болама? Ж: Иә. Мәселен, ағаштан немесе жемістен сығып алынған сумен, сондай-ақ негізі су болып есептелетін, бірақ араласқан нәрсесі табиғатын өзгерткен тәтті сусындар, сорпа, сірке суы сияқты сулармен дәрет, ғұсыл алуға болмайды. С: Дәрет, ғұсыл алуға пайдаланылған сумен жуынуға бола ма? Ж: Жоқ, болмайд