Шәһидтер туралы
С: Шәһид болып қайтқан кісінің үкімі басқаша бола ма? Ж: Иә, оның үкімдерінде өзгешеліктер бар. С: Ол үкімдер қандай? Ж: Кәпірлер өлтірген мұсылманның денесі майдан даласында табылса немесе соғыстан жаралы болып қайтып, сол жарақатының себебінен қайтыс болса, ия болмаса мұсылмандар зұлымдықпен өлтіріп, құны төленбейтіндей болса кебінделіп, жаназасы шығарылады, жуылмайды. С: Егер шәһид жүніп күйінде қайтыс болса да жуылмайды ма? Ж: Әбу Ханифаның пікірінде жуылады. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед жуылмайды деген. Шәһид болып қайтқан сәби бала туралы да осындай пікірталас бар. Әбу Ханифа жуылады десе, өзге екеуі жуылмайды деген пікірде. С: Шәһид болып кеткендердің денелері басқа қайтыс болғандар секілді жуылмайтынын білдік. Ал, оның үстіндегі қаны жуылып, қан болған киімі шешілі