
БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ
Саудия билігі пандемияға байланысты биылғы қажылық үшін арнайы ережені бекітті. Аталмыш ережедегі талаптар жұқпалы індеттің одан ары таралуына жол бермеуге, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саяды. Сондай талаптардың бірінде бір жерге топтанып жиналуға тыйым салу қарастырылған. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты.Осы орайда естеріңізге сала кетсек, жергілікті қажылардың қарасы шамамен 1000 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданған болатын. Ал шетелдік қажылар биылша қасиетті сапарын шегере тұруына тура келеді. Қажылар, сондай-ақ, парызын өтеу барысында бір-бірінен кем дегенде бір жарым метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Қасиетті Қағбаны тәу етіп айналған кезде де бұл талап сақталуы тиіс. Шілде айының 19-нан тамыздың 2-не дейін Минаға, Муздалифка және Арафатқа