Фикһ

БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

Әлем жаңалықтары, Қажылық бабы
Саудия билігі пандемияға байланысты биылғы қажылық үшін арнайы ережені бекітті. Аталмыш ережедегі талаптар жұқпалы індеттің одан ары таралуына жол бермеуге, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саяды. Сондай талаптардың бірінде бір жерге топтанып жиналуға тыйым салу қарастырылған. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты.Осы орайда естеріңізге сала кетсек, жергілікті қажылардың қарасы шамамен 1000 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданған болатын. Ал шетелдік қажылар биылша қасиетті сапарын шегере тұруына тура келеді. Қажылар, сондай-ақ, парызын өтеу барысында бір-бірінен кем дегенде бір жарым метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Қасиетті Қағбаны тәу етіп айналған кезде де бұл талап сақталуы тиіс. Шілде айының 19-нан тамыздың 2-не дейін Минаға, Муздалифка және Арафатқа
БАС МҮФТИ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ, Ораза бабы, Рус
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы аппарат жиналысы өтті. Мәжіліске ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысты.    Жиналыстың күн тәртібінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау, биылғы пітір садақасының мөлшерін анықтау, садақа және зекет беру жүйесін оңтайландыру, жамағат тарапынан оразаға қатысты сұрақтарға дер кезінде жауап беру, т.б. мәселелер талқыланды. «Рамазан – исі мұсылманның қасиетті айы. Біз ұлық айды үлкен дайындықпен қарсы алып, ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуіміз тиіс. Жұқпалы індетке байланысты жағдай тұрақталып, Жаратқан Жаббар Иеміз қасиетті айды жамағатпен меш
Шымкентте «Қажылық оқу орталығы» ашылды

Шымкентте «Қажылық оқу орталығы» ашылды

Жаңалықтар, Қажылық бабы
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент қаласы орталық «Halifa Al-Nahaian Аqmeshitі» мешіті жанынан «Қажылық оқу орталығы» ашылды.«Орталықтың негізгі мақсаты – қажылық рәсімі мен Алла үйін зиярат етудің тәртібі мен ережесін түсіндіру, саны мен санасын арттыру. Мұнымен қатар, қажылыққа ниет етушілерге қысқа мерзімді оқу-дәрістер ұйымдастырып, жан-жақты мәлімет беру болып саналады», - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев.Аталмыш орталыққа жетекшілік ету жұмыстарына тәжірибелі маман ретінде Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров бекітіліп, оның көмекшісі болып Азамат Әбдікермұлы мен Алижан Анафияевтар белгіленді.Айта кету керек, қажылық жұмыстарын кеңінен насихаттау үшін «Тауаф» қажылық компа
ОРНЫНА ПЕРІШТЕ ЖАСАҒАН ҚАЖЫЛЫҚ

ОРНЫНА ПЕРІШТЕ ЖАСАҒАН ҚАЖЫЛЫҚ

Ғибратнама, Қажылық бабы, Мақалалар, Фикһ
Имам Малик ибн Динардың (Алла ол кісін рахметіне алсын) айтқаны: «Бір жылы қажылыққа ниет етіп, ақша жинап қойдым. Қажылыққа кетер алдын ауылмен қоштасып шығайын деген ниетпен аралап жүріп, қираған үйдің жанынан өтіп бара жатып, сол үйге кірген әйелді көрдім. Шығар да бірулерден жасырынғандай жан-жағына ұры көзбен қарап, өлген тауықты қолтығына қыстырып алып кетті. Маған не жасағалы жатқаны қызық көрініп, әйелдің соңынан қалмай жүріп отырдым. Есіктен үйне кіре бергенінде бірнеше аш-жалаңаш балалар алдынан жүгіріп шығып: «Анашым! Бізге жейтін бір нәрсе әкелдіңіз ба»,-деп сұрады. Анасы мұңды дауыспен: «Иә, сендерге бір тауық алып келдім. Қазір пісіріп беремін жейсіңдер»,-деді. Бұл жайды көріп таң қалдым. Әлгі әйелдің не үшін бұлай істегенін білгім келді. Әйелдің үйіне жақын келіп, оған:
Қажылық сапарына дайынсыз ба?

Қажылық сапарына дайынсыз ба?

Ғибратнама, Қажылық бабы, Мақалалар, Рус, Сұрақ-жауап, Фикһ
Алла қаласа, аздаған уақытта еліміздің қажылары қасиетті қос мекен – Мекке мен Мәдинаға барып, қажылық парыздарын өтемекші. Ал біз, өз кезегімізде қажылық сапарға аттанбақшы болып, ниет еткен жандарға өз тарапымыздан сапарға ала шығуға қажетті заттардың топтамасын назарларыңызға ұсынбақшымыз: Дәрі-дәрмектер Жеке дәрі салғыш қобдишаңызда болуы тиіс: - Парацетамол немесе Панадол секілді ауруды жеңілдететін дәрі. - Имодиум немесе іш өтуден сақтайтын кез келген дәрі, себебі тағамның түрлілігінен ағзаның кенеттен жағымсыз реакция беруі ықтимал. - Аллергияға қарсы препараттар. - Оксолин майы. - Суыққа қарсы дәрілер. - Бір реттік медициналық маска, алайда оны 1,5-2 сағат сайын ауыстырып отыруды ұмытпаған жөн. - Бактерицинді жабыстырғыш (пластырь) және дәке. Ыстық күн а

Құрбандық (һәди) шалу

Қажылық бабы
С: Қажылықта құрбандық шалу (һәди) дегеніміз не? Ж: Қажылық пен ұмраның кезінде ихрамнан шыққаны үшін, не тежелісте қалғаны үшін, не тәмәттуғ пен қиран рәсімдерін орындағанына шүкірлік ретінде немесе қажылық пен ұмраның уәжіптерін тастап кеткені үшін, ихрам шарттарын бұзғаны үшін жаза ретінде сойылатын малды құрбандық – һәди деп атайды. Сонымен бірге құрбандық ерікті түрде де слйылады. С: Құрбандыққа қандай мал сойылуы керек? Ж: Құрбандық түйе, сиыр не қой болады. Олардан басқасын сюға болмайды. Малдың еркек, ұрғашысының айырмашылығы жоқ. С: Жоғарыда айталған үш түрлі малдың кез келгенін сойса бола ма, әлде басқа шарттары бар ма? Ж: Иә, оның екі түрлі шарты бар. Біріншіден, ересек, сақа мал болуы керек. Екіншіден, сойылатын малдың кемшілік, кінәраты болмауы керек. С: Сақа мал

Қажылықтың уақытын өткізіп алу

Қажылық бабы
С: Қажылыққа келіп, оныншы зул-хижжаның таңына дейін Арафат тауында тұра алмаса не істейді? Ж: Бұл адам үшін қажылық өтіп кеткен болады. Ұмраның амалдарын істеп болған соң халал жағдайына түсуі керек. С: Оларды орындап болған соң не істейді? Ж: Келер жылы қажылығының қазасын өтеуі керек. С: Ол үшін жаза бар ма? Ж: Жоқ, ол адам үшін жаза жоқ. С: Ұмраны да өткізіп алу жағдайлары бола ма? Ж: Ұмраны өткізіп алу жағдайлары болмайды. Өйткені ұмраның белгілі бір уақыты жоқ. Жылдың мәкруһ болған санаулы күндерін басқа күндері жасауға болады.

Тежеліп қалу

Қажылық бабы
С: Ихрамдағы кісі қоршауда қалып қойса не болады? Ж: Егер ихрам оранған кісі дұшпанның немесе аурудың себебінен бір орыннан қозғала алмай тежеліп қалса, ихрам жағдайынан шығып, халал жағдайына кіруге болады. С: Халал жағдайына қалай көшеді? Ж: Харам аймағында болса бір қой сойып, шашын алады не қысқартады. Егер харам аймағына жетпеген болса бір кісіге қой немесе соның құнын беріп, харам аймағында өзінің атынан құрбан шалуға тапсырады. Тапсырылған адаммен малды соятын күнді анықтап алу керек. Сол күні харам аймағында бұл кісінің атынан қой сойылса дереу ихрам жағдайынан халал жағдайына көшеді. С: Тежеліп қалған кісі қиран рәсімін жасаушы болса не істейді? Ж: Харам аймағында болса екі қой шалады. Харам аймағына жетпесе алдыңғы айтылған кісі секілді харам аймағына екі малды немесе

Харам аймағының ережелерін бұзу

Қажылық бабы
С: Харам аймағындағы ереже бұзушылықтар қандай? Ж: Харам аймағындағы тыйымдарды бұзу екі түрлі: 1.     Харам аймағындағы аңды өлтіру; 2.     Харам аймағының ағашын не шөбін жұлу, кесу. С: Харам аймағында аң өлтірудің жазасы қандай? Ж: Өлтіргені үшін міскіндерге сол аңның құнына тең садақа таратуы керек, жазасын ораза тұтумен өтей алмайды. С: Ихрам кимеген екі кісі харам аймағындағы бір аңды өлтірсе не болады? Ж: Ол екуі бір адамның жазасын өтейді. С: Өлтірген аң харам аймағында тұратын болса жазасы көбейе ме? Ж: Жазасы көбеймейді. Сол аңның құнына тең садақа берсе болады. С: Ихрам киюші немесе ихрам кимеген адам харам аймағының ағашын сындырса немесе шөбін жұлса не болады? Ж: Егер ешкімнің иелігіне жатпайтын ағаш болса сндсрсл

Миқаттан ихрамсыз өтудің жазасы

Қажылық бабы
С: Миқаттан ихрам оранбай Меккеге кіргісі келетін адамның үкімі қандай? Ж: Сыртан келген мүкәллаф мұсылман Меккеге, тіпті, сауда, саяхат мақсатымен болсын кірмекші болып теңіз, құрлық, әуе жолдарымен миқаттан ихрам оранбай өтсе, одан соң қайта оранса да, оранбаса да бәрібір, күнәлі болады, жазасына бір қой союы шарт. С: Осы күнә мен жазадан арылудың басқа жолы бар ма? Ж: Миқаттан ихрамсыз өтіп кетсе, сол өтіп кеткен миқатына немесе кез келген миқатқа қайта барып ихрам оранып келсе күнәсі мен жазасы мойнынан түседі. С: Миқатқа қайтпай харам не халал аймағынан ихрам оранып қайтса не болады? Ж: Миқаттан өтіп кетіп ихрам оранса күнәсі мен жазасы мойнынан түспейді. Алладан кешірім сұрап, тәубе жасап, харам аймағында бір қой союы керек. Ихрам киген соң ғибадатты бастамастан бұрын қай