Автор: Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38
ШЫМКЕНТ: «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі»   атты аймақтық семинары өтті (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» атты аймақтық семинары өтті (ФОТО)

Жаңалықтар
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Имам Матуридидің өмірі мен шығармшалығына орай «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі»  атты аймақтық семинары ұйымдастырылды.            Аймақтық семинарға арнайы ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигит Қойшиев,  Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлы, «Діни мәселелерді зертеу» орталығының дінтанушы-теолог мамандары мен  жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері қатысты.          Семинар модераторы ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қ
ШЫМКЕНТ: «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі»   атты аймақтық семинары басталды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» атты аймақтық семинары басталды (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Имам Матуридидің өмірі мен шығармашылығына орай «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» атты аймақтық семинар өз жұмысын бастады.Семинар жұмысын ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырады.Аймақтық семинарға арнайы Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Әлішерұлы, ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигит Қойшиев пен Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлын арнайы баяндама оқып, тәжірибесімен бөліседі.Негізгі мақсат - абақтыдағы және бостандықта жүрген жат ағым өкілдерімен жеке және жалпы кездесулер өткізу және жергілікті ақпарттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері мен Діни
ШЫМКЕНТ:  «Мұсылман әйелінің дәстүрлі  киім үлгісі» атты шарасы өтті (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісі» атты шарасы өтті (ФОТО)

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының мұрындық болуымен «Күніміздегі мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісі» атты шарасы өткізілді. Игі шараға қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, «Әжелер» мектебінің және ерікті әйелдер тобының  мүшелері қатысты. Шара аясында Азамат Әбдікерімұлы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының арнайы құттықтауын жеткізіп,  әрі игілікті іске сәттілік теліді. Сондай-ақ, шара барысында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторына қарасты және ерікті топ мүшелерінің қыз-келіншектер өздері бірігіп тіккен ұлттық, һәм діни бағытымызға сай келе
Имандылық жемістері

Имандылық жемістері

Ғибратнама, Мақалалар
Алла Тағалаға шексіз мақтаулар мен мадақтаулар болғай! Біз Оны мақтап-мадақтаймыз, одан жәрдем және кешірім сұраймыз, сондай-ақ өз жанымыздың жамандығы мен қате іс-амалдарымыздан Алладан пана тілейміз. Ешқандай серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед ﷺ  Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік береміз.  Раббымыз  Алла құлдарына ерекше мейірімді. Біз пенделер осы мейрімді иман ләззатын сезгеннен кейін біле бастаймыз. Егер адам бойында иман негіздері орныққан болса,ол кейін тамыры тереңге бекіп, бұтақтарын биікке самғатып, бүршік жарып, жапырақ жайып, жеміс беріп, зәулім бәйтерекке айналады. Бұл жеміс ол үшін дүниелік және ақыреттік азық болады. Иман- ақылдың нұры,сана-сезімнің және жүректің өзара үйлесім табуы. Иман жолын көрсетушілер олар- п
Індеттен қайтыс болған медицина қызметкерлері еске алынды

Індеттен қайтыс болған медицина қызметкерлері еске алынды

Без рубрики, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент қаласы Абай саябағында Ұлттық Медицина қауымдастығының ұйымдастыруымен Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу және гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиынға "Әл Муслим" мешітінің найб имамы Серикулов Рахымжан арнайы қатысып, қайтыс болған марқұмдардың туысқандарына көңіл айтты. Өз өмірін өзгелерді құтқару жолына арнаған, індетпен күресте өз өміріне қауіп төніп тұрса да, өзгелерді құтқару жолында шахид болған марқұмдарға Құран оқылып, дұға бағышталды.
«Сәуле» мешітінде 20 отбасыға көмек берілді

«Сәуле» мешітінде 20 отбасыға көмек берілді

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Әр аптаға бір шара» атты жұмыс жоспарына сәйкес "Сәуле" мешітінде «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті. Бұл шараға 19.10.2020 жылы мешіттің тізімінде тұрған жағдайы төмен 20 отбасыға еттей көмек берілді. ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Сейіткәрім қажы» мешіті қайырымдылық жасады

«Сейіткәрім қажы» мешіті қайырымдылық жасады

"Зекет" қоры, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы "Әр аптаға бір шара" атты жұмыс жоспар айасында "Сейіткәрім қажы" мешітінде "Қайырымдылық керуен" акция өтті. Мешіттің тізімінде тұрған жағдайы төмен 20 отбасыға азық түліе және ет үлестірілді. ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ: Әкім бас имамды рухани  келісім күнімен құттықтады

ШЫМКЕНТ: Әкім бас имамды рухани келісім күнімен құттықтады

Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов  ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановты 18 қазан – Рухани келісім күнімен құттықтап, алғыс хат жолдады. «Елімізде этносаралық өзара іс-қимыл, түсіністік пен сыйластықтың арқасында  конфессияаралық диалог келісімі нығайып келеді. ...» деп рухани келісім күні мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте жеміс пен жетістіктер, бірлік пен ынтымақ, отбасы амандығын тілеген. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
БІРЛІК – БАРШАҒА ОРТАҚ ИГІЛІК

БІРЛІК – БАРШАҒА ОРТАҚ ИГІЛІК

ҚМДБ, Мақалалар
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары дінибасқармасының төрағасы, Бас мүфти Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Ислам дiнi – жер бетiнде бейбiтшiлiк пен тыныштықты орнату үшiн жiберiлген соңғы дiн. Мiне, сондықтан, әрбiр мұсылман, тiптi, сәлем бергеннiң өзiнде бiр-бiрiнен хал-жағдай сұрасқанда «әссәламу алейкум» деп бейбiтшiлiк пен амандық тiлеп амандасады. Осы ретте баршаңызға «әссәламу алейкум», яғни Алланың сіздерге амандығы мен есендігі болсын дегім келеді. Расында, Алланың алдында сүйкімді адамдар, олар – елді бірлікке шақырғандар, алауыздыққа жол бермегендер. Екі дүниенің бақытына жетелейтін Құран Кәрімнің «Хужурат» сүресінде: «Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, б
Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы!

Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы!

Мақалалар
Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Бұл – дінде  әу баста болмаған, кейіннен енгізілген нәрсе. Әйтсе де, көпшілік ғұламалар мәулітті бидғат хасана, яғни құптарлық жақсы жаңалыққа жатқызады. Оған нақтылы дәлелдері де бар. Әрбіріміз өзіміздің ата-анамыздың, балаларымыздың, туыс-жақындарымыздың, құрбы-құрдастарымыздың және басқа да қаншама адамдардың туған күндерін қуанышпен атап өтеміз. Ал, қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күнін атап өту бәрінен гөрі лайықтырақ емес пе?! Қазіргі біздің жағдайымызда Мәулітті атап өту тіпті міндетті десек те болады. Себебі, басқан