Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) заманына дейін әрбір жылғы қажылық рәсімі белгілі бір құрайыш тайпасы тобының басқаруымен өтетін. Ислам мұндай дәстүрге тосқауыл қойды, нәтижесінде, қажылар ешкімнен рұқсат сұрамастан өздері парыздарын өтейтін болды. Мекке қаласы азат етілген соң, Қағба кілтін Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Бани Шәйба әулетінің өкілі Осман ибн Талхаға береді. Кілт ғасырлар бойы осы тайпа өкілдерінің қолдарынан түспей келеді. Алла Елшісі: «Ей, Бану Талха, Қиямет күнге дейін алыңдар және сендерден бұл кілтті әділетсіз билеушіден басқа ешкім алмайды» деген болатын. (Табарани). Күні бүгінге дейін, сұлтан болсын, патша болсын, барлық адамдар Қағбаға осы меккелік отбасының рұқсатымен ғана кіреді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38