Бір орманда екі адам ағаш дайындаумен шұғылданады екен. Біріншісі таңертең ерте тұрып, жұмысына кіріседі де кешке дейін тыным таппай еңбектенеді. Тіпті, бір мезгіл бел жазбай түскі тамақты ішуді де ұмытып кететін көрінеді. Онымен қоймай кешкісін де үйіне кеш қайтады. Ал, оның досы бір ағашты шауып болғаннан кейін асықпай дем алады. Түскі тамағын да ішіп, азырақ көз шырымын да алуға үлгереді. Олар осылайша бір апта бойы жұмыс істеп, дайындаған ағаштарын санауға кіріседі. Сөйтсе, екінші адамның ағаштары көптеу болып шығады. Ызадан жарылардай болған досы мұның сырын сұрайды. «Ақылды еріншек» сәл ғана езу тартып былай деп жауап қатады:

– Мұның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал, мен кей-кейде демаламын, сол уақытта балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді, әрі шаршамайсың.

Өз-өзіңді жетілдіру, балтаны қайрағанға ұқсайды. Өз-өзімізге уақыт бөліп, істің көзін табуымыз керек. Кемшіліктеріміз болса толықтырып жетілдіре түскен абзал. Бұл рухани жан-дүниеміз бен ой-өрісіміздің кеңеюіне көп септігін тигізеді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38